Жүсіпбек Аймауытов. Күн менікі

  • 1.131
Жүсіпбек Аймауытұлының «Күнікейдің жазығы» повесінде сол кезеңдегі әлеуметтік теңсіздік пен қазақ қызының трагедиялық тағдыры баяндалған. Повесть алғаш 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналында жарияланады. Оқиға желісі шегініс арқылы дамиды. Онда Күнікейдің жастық шағы, өскен ортасы, кедей отбасының жұпыны тіршілігі шынайы суреттеледі. Күнікей өзінің қайсарлығының арқасында бай қыздарымен бәйгеге түседі. Ол өзін ешкімнен қор санап, әлсіз сезінбейді. Сөйтіп, қарапайым қазақ қызы өзінің бас бостандығы мен бақыты үшін күресіп, алдынан шыққан барлық кедергілерді жеңеді. Бұл – азаттық идеясының айқын көрінісі еді. Туындыда қыз ұзату, көш, жастардың ұлттық ойындар ойнауы, халықтық әзіл-қалжыңдар сияқты этнографиялық суреттер жиі кездеседі. Ол жастар үшін ХХ ғасырдың басындағы ауыл өмірін тануға, дәуір шындығын түсінуге қажетті танымдық материалдар болып табылады.
5950
479
Қате туралы хабарландыру