Қаламгерлер сайысының кезекті үздік туындысы

Қаламгерлер сайысының кезекті үздік туындысы

Шығармашыл жастардың өнерін қолдау мақсатында басталған қаламгерлер сайысының алғашқы жеңімпазын анықталды.

Қазан айындағы үшінші үздік деп танылған туындының авторы – Абзал Алтый есімді қатысушы. Оның «Ұйқысыз ұйқы» деп аталатын өлеңі барлық шығармалар арасынан топ жарды. Айта кетейік, автор байқауға бірнеше шығарма ұсынып отыр.

Үздік деп танылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз:

 

Ұйқысыз ұйқы

Сана ояу, көңілдегі күй тұман

Зер саламын сүреңсіз мына сиқыма

Өткен-кеткен сәттегі ойға шырмалып

Ояу жатып, кетемін терең ұйқыға

 

Қиялдап жатып бойыма сыймай күш деген

Арманның жұтам жемісін әлі піспеген

Өршітіп алып өзімді таппай өңімнен

Ояу жатып, кей кезде қатты түс көрем

 

Шөл даланың шаңға ұласқан шағы ұнап

Желге мінген, жазықтың құмды бағы ұнап

Сағаттардың кейде тілін түсінбей

Ұйықтап жүріп, ұйықтап кетем тағы да

 

Орала алмай әлемнен өзге шын кезге

Ол жақта басқа,өтетіндей күн лезде

Іштен естілген үрейлі өз дауысымнан

Ояу жүріп,оянып кетем бір кезде

 

Түсініксіз...таңғы алты...не жазам?

Мына түнде болмайтындай кейде азан

Өң мен түстің арасында сенделтіп

Ойпырым ай менің өмірім неткен беймаза! 

 

(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)

 

Жеңімпазды құттықтаймыз!

Сыйлықты жіберу үшін бізбен байланысуыңызды сұраймыз!

Еске салайық, bilim-all.kz және bilimland.kz сайттары жас қаламгерлер арасында сайыс жариялаған болатын. Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы таныса аласыз.

bilimland.kz апта сайын үздік шығарма авторларын жариялап, powerbank-пен марапаттап отырады.

Байқау соңындағы негізгі жүлде иесі барлық шығармалар арасынан анықталатын болады!