Bilim Media Group ЖШС «Өрлеу» БАҰО АҚ-мен ынтымақтастық орнатты

Bilim Media Group ЖШС «Өрлеу» БАҰО АҚ-мен ынтымақтастық орнатты

«Өрлеу» БАҰО АҚ басты қызметі әлемдік және қазақстандық озық тәжірибені енгізу негізінде жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагог кадрлар біліктілігін жүйелі түрде арттыру болып саналады.

«Өрлеу» БАҰО АҚ ресми сайты http://www.orleu-edu.kz/

 Білім беруді ақпараттандыру жүйесіндегі болашағы зор бағыттардың бірі –білім алу аясын кеңейтіп, оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға жағдай туғызатын электронды білім беретін ресурстар (ЭББР). 

Осы орайда «Bilim Media Group» компаниясының өз ішіне қызықты идеялар мен замануи курстар кешенін қамтыған білім беретін ресурстары «Өрлеу» БАҰО АҚ сарапшыларының назарынан қағыс қалмады. Аталған білім беретін сандық ресурс білім берудің халықаралық, сондай-ақ ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары талаптарын толықтай қанағаттандыратын негізде жасалған.

10 қыргүйек күні ынтымақтастық шеңберінде Астана қаласындағы «Bilim Lab» ресурстық орталығына «Өрлеу» БАҰО АҚ Астана филиалының мамандары шақырылып, семинар өткізілді. Жиында білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тарату жөнінде айтылып, әлемдік білім беру нарығындағы көшбасшы компаниялардың жетістіктері негізінде жасалған BilimLand.kz платформасы таныстырылды.

Педагог мамандардың біліктілігін арттыру институтының 34 әдіскері білім беретін көптілді BilimLand порталы туралы жан-жақты мәлімет алып, оң пікірілерін білдірді. Сондай-ақ мамандар аталған ресурсты оқыту үдерісінде тиімді пайдалану жөнінде ойларын айтып, өзара талқылау жүргізді. 

Айта кетерлік жайт, Bilim Media Group компаниясы «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары филиалдары мамандарына онлайн үлгіде оқыту ресурстарын таныстыру және онымен байланысты технологиялар мен қызметтер жөнінде бірқатар вебинар, семинарлар өткізді. Алдағы уақытта «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның барлық облыстағы филиалдарына вебинар өткізу жоспарлануда.

Bilim Media Group компаниясы «Өрлеу» БАҰО АҚ-мен ынтымақтастық орнатуын үлкен жетістік ретінде санайды және біз заманауи интерактивті технологияларды тірек еткен білім беру үрдісі ҚР-да білім беру сапасын арттыруға серпін беретіндігіне сенеміз.  


Татьяна Альбертовна Сарсенова 

BilimLand.kz онлайн ресурсы үйлестірушісі