BILIMBOOK оқыту құрылғысы: баршаға қолжетімді сапалы білім

BILIMBOOK оқыту құрылғысы: баршаға қолжетімді сапалы білім

Бүгінгі күнде Қазақстан мектептерінің шамамен жартысын шағын жинақты мектептер құрайды, бұндай мектептер кең байтақ республикамыздың қай аймағында болсын кездеседі. Шағын жинақты мектеп – оқушыларының саны аз, біріктірілген немесе толық емес сыныптардан тұратын, оқу процесін ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі. 

Тоқсаныншы жылдардың басында ауыл тұрғындарының жаппай қалаға қоныс аударуынан ауыл мектептеріндегі бала саны күрт кеміп, шағын жинақты мектептер саны арта түсті. Бұл мектептердің өзіндік мәселелері әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен емес. Материалдық-техникалық базаның нашарлығы, пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелерінің жолға қойылмауы, жабдықталған арнайы зертханалық кабинеттердің болмауы секілді мәселелер әлі де шешімін тапқан жоқ.

Осы аталған мәселелерді шешу мақсатында Bilim Media Group алдыңғы қатарлы  Microsoft  және Lenovo компанияларымен бірлесіп BilimBook дербес оқыту планшетін ұсынады. Жобаның мақсаты – интернетке қосылу мүмкіндігі төмен немесе мүлдем қосылмаған мектептерге сапалы білім беру контентін ұсыну, ауыл және қала мектептеріндегі білім сапасын теңестіру.

Bilimbook – барлық жастағы оқушыларға арналған, мектеп бағдарламасына сай ресурстардан тұратын әмбебап құрылғы. Құрылғының мазмұны BilimLand, iTest, iMektep және Twig-bilim ресурстарын қамтыған.

Bilimbook жобасы Қазақстанның 3 шағын жинақты мектебінде қолға алынды. Алғашқы болып Bilimbook құрылғылары Павлодар облысы, Успен ауданына қарасты № 3 Успен жалпы орта білім беру мектебіне орнатылды. 2017 жылдың 22 қыргүйегінде Bilim Media Group компаниясы осы мектепте Bilimbook дербес оқыту планшет-компьютерімен жабдықталған кабинет ашты.

BilimBook жобасы шағын жинақты мектептердегі интерактивті білім беру формасын жаңа бір сатыға көтеріп, цифрлық дамудың жаңа кезеңіне жол ашады. Оқушының танымдық белсенділігін және оқуға ынтасын арттырып, шағын жинақты мектептердегі білім сапасын көтеруге негіз бола алады.

Осы жайлы толығырақ http://www.kazpravda.kz/fresh/view/vokrug-sveta-za-odin-klik/ сілтемесімен өтсеңіз, таныса аласыз.

Пікірлер27

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз Тіркелу
Гаухар Аитбаева
Гаухар Аитбаева
2019-01-25T16:53:09.000000Z
Жұмыстарыңыз алға бассын,сәттілік.
Лаззат Мусалиева
Лаззат Мусалиева
2018-11-14T16:34:37.000000Z
Бұл жобаның шағын жинақты мектептердегі мұғалімдер мен оқушыларға білім сапасын көтеруге орасан көмегі болары сөзсіз! Елдің қамын, жастардың болашағын ойлаған азаматтарымыз көп болсын! Еңбектеріңіз жанып, коптің алғысымен биіктерден көріне беріңіздер!
Ақбота Матаева
Ақбота Матаева
2018-11-15T11:47:10.000000Z
Рақмет! Барлығымыз саналы, сауатты ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етудеміз. Ұстаздық еңбегіңізге зор табыс тілейміз.
Бейбит Уразбаева
Бейбит Уразбаева
2018-11-12T04:27:25.000000Z
өте жаксы сайт, бізге ұнады
Оралбай Хасанов
Оралбай Хасанов
2018-05-03T03:48:52.000000Z
Оқырман талабына сай келетін сайт. Мұғалімдерге көп көмегі тиеді деп ойлаймын. Өте жақсы. Сабақтарымда қажетті мағлұматтар алып жүрмін.
Рауза Карабалина
Рауза Карабалина
2018-04-18T09:15:53.000000Z
Мектеп мұғалімдеріне өте қолайлы, өте тиімді,сапалы сайт екен. Көп-көп рахмет. Әсіресе шағын жинақталған, шалғайдағы ауыл мектептері үшін өте тиімді.
Айгуль Базарбаева
Айгуль Базарбаева
2018-02-28T14:30:38.000000Z
Заман талабына сай өте қажет сайт екен. Сәттілік тілеймін!
Сымбат Дауленова
Сымбат Дауленова
2018-02-25T04:31:09.000000Z
Керемет сайт, оқырмандарыңыз көп болсын!
Сымбат Дауленова
Сымбат Дауленова
2018-02-25T04:30:21.000000Z
Керемет.
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
2018-02-24T04:16:36.000000Z
Мұғалімге көп пайдасы бар сайт екен. Көп рахмет.
Шомакова Айнагуль
Шомакова Айнагуль
2018-01-29T10:53:31.000000Z
Мұғалімге көп пайдасы бар сайт. Оқырмандарыңыз көп болсын.