iTest – ҰБТ-ға дайындалуға арналған виртуалды жаттықтырғыш

iTest – ҰБТ-ға дайындалуға арналған виртуалды жаттықтырғыш

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалушы түлектер назарына ұсынылатын белгілі бір кеңестер бар. Мысалы, дайындықтың нақты жоспарын жасап, соның негізінде дайындалу, құрбы-достармен бірігіп дайындалу, мидың қалыпты жұмыс істеуі үшін тамақтанудың белгілі бір режімін ұстану және жетістікке жету үшін міндетті түрде көңіл күйіңнің жоғары болуын қамтамасыз ету.

    Бұл кезеңде оқушыға ата-анасы мен оқытушылардың қолдауы аса қажет. Ата-аналар баласына қалай көмек беру жөнінде психолог маман кеңесіне жүгініп, ал мұғалімдер оқушыға арнайы курстар жүргізіп немесе репетитор ретінде дайындау арқылы көмек бере алады.

Ал енді ҰБТ-ға өздігінше дайындалуға бола ма? Мамандар мұндай амал жасауға, тіпті осы арқылы жоғары баллға ие болуға болатынын, дегенмен мұнда бастапқы білімнің деңгейі мен дайындық дәрежесін ескеру қажеттігін айтады. Өздігінше дайындалу үшін қажетті әдебиеттермен немесе түлектерге көмек беру үшін арнайы жасалған интерактивті жаттықтырғыштармен «қарулану» қажет.

Осындай көмекшінің бірі – оқушыларды ҰБТ-ны жоғары дәрежеде тапсыруға дайындау мақсатында арнайы жасалған, қолжетімді және қызықты үлгідегі www.itest.kz виртуалды оқыту кешені.

www.itest.kz виртуалды оқыту кешенінің жүйелі түрде жаңартылып тұратын сұрақтарының бірегей базасында қазірдің өзінде қазақ және орыс тілдерінде 16 мыңнан аса сұрақ топтастырылған. Кешен ҰБТ-ның 4 негізгі пәні (математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі) және бағдар бойынша 9 пәнінің (география, дүниежүзі тарихы, химия, биология, неміс тілі, физика, ағылшын тілі, француз тілі, орыс әдебиеті)  қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарын қамтып, аталған пәндер бойынша дайындалуға зор мүмкіндік туғызады.

Атап өтерлік жайт, itest.kz кешеніндегі тест тапсырмаларын ҰБТ тест тапсырмаларын құрастыруға қатысқан тәжірибелі оқытушылар мен методист-кеңесшілер дайындаған.

Электронды кешенді пайдалану өте ыңғайлы. Әрбір пәннің тест тапсырмалар жинағы жауаптарымен қоса берілген. Сондай-ақ әр тақырып бойынша қосымша шолу лекциялары ұсынылып, қатемен жұмыс істеуге мүмкіндік берілген. Сайт арқылы кез келген уақытта, интернетке қосылатын кез келген жерде дайындалуға болады.

www.itest.kz виртуалды жаттықтырғышында оқушының ҰБТ-ның нақты шарттарына негізделген толыққанды тестіні өздігінен қайта тапсырып көруіне жағдай жасалған. Осы арқылы 4 негізгі және бір бағдарлық пән тестісін таңдаған оқушы 3 сағат ішінде өз білімін сынап, кемшіліктерін айқындап, осал тұстарын күшейтуге мүмкіндік алады. Жаттықтырғыш оқушы қателік жасап жатқан жағдайда бағдарлы түсіндірме береді, ол өз кезегінде оқушының жаттығу үдерісін жеңілдетіп, қажетті материалды тез игеруіне көмектеседі.

Ең бастысы, ҰБТ-ға дайындалудың қандай тәсілін таңдасаңыз да, зор үмітпен батыл кіріссеңіз, бәрі де сәтті болары сөзсіз. Түлектерге сәттілік тілейміз.


Татьяна Альбертовна Сарсенова 

BilimLand.kz онлайн ресурсының үйлестірушісі

3Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Айгул Саткарова
Айгул Саткарова
19 қараша 2018 ж. 15:09
Өте қажет кеңестер, рахмет.
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
27 ақпан 2018 ж. 20:15
Рахмет.
makanchi.14
makanchi.14
12 желтоқсан 2017 ж. 22:11
Өте керемет!!!