ПИ санының туған күні

ПИ санының туған күні

 

Адам баласы 14 наурыз күні Халықаралық «ПИ» күнін атап өтеді. 

Неге 14 наурыз? 

ПИ санына қарайықшы: 3,1415926… Осы санның бірінші ай, яғни наурыз айы, екіншісі күн, яғни наурыздың 14 , одан кейінгілері сағат 1:59:26. Сонымен осы күні осы уақытта мерекемен құттықтасаңыз болады. 

ПИ санын кім анықтады?

Барлығымызға белгілі Архимед ПИ санының мағынасын анықтады.

Бұл мерекені кім ұсынды?

Халықаралық ПИ күнін (International π Day) атап өтуді Сан-Францискода тұрған физик  Ларри Шоу ұсынды. Ол америкалық жүйедегі күн мен айды жазудың жүйесін негізге алды, яғни бірінші ай, сонан кейін күн жазылады, ал ол өз кезегінде ПИ-дің бірінші сандарымен сәйкес келеді: π = 3,14...

ПИ санының тарихы бастауын шамамен біздің эрамызға дейінгі 2000 жылдан алады. Архимед π есептеудің математикалық жолын ұсынды. Осы туралы Twig-Bilim ресурсындағы фильмнен көре аласыздар «Пи санын есептеу: Архимед»

 

ПИ санын зерттеу мұнымен тоқтаған жоқ, ғалымдар оны дәлдікпен есептеуді жалғастыра берді.  Мысалы, француз программисті Фабрис Беллар ПИ санын есептеуде рекорд жасады, яғни үтірден кейін 2,7 трлн санға дейін есептеді. 

ПИ санын айтқанда оны еске сақтау мәселесі де көтеріледі. Ыңғайлы болу үшін қазіргі кезде тек үтірден кейінгі екі санды ғана айтады. Бірақ дүниежүзінде осы санды жаттау бойынша түрлі рекордтар қойылатыны да бар. Келесі ұсынып отырған фильмде еске сақтаудың керемет мүмкіншіліктерін көре аласыздар:

«ПИ: ПИ санын жатқа айту»

 

Осы фильмдерді өз сабақтарыңызға ұтымды кіріктіре аласыздар деп сенеміз.

Әртүрлі онлайн-ресурстар арқылы білімімізді кеңейтіп, оқу үрдісін қызықты да, ерекше қылуға тырысайық.


 Бақытгүл Орынбасарқызы Салыхова

Педагогика ғылымдарының кандидаты