Үш ресурсқа ортақ жазылым.

Үш ресурсқа ортақ жазылым.

Осы айдан бастап BilimLand, iTest и iMektep-тің белсенді пайдаланушыларында жаңа мүмкіндіктер пайда болды: осы уақытқа дейін бір сайтты қолданып келген пайдаланушыларға барлық үш ресурс қолжетімді болады. Бұл сапалы білім беру сайттарына жазылымды енді сатып алғысы келетіндерге де қатысты. 

Осы онлайн-ресурстар деген не? Олар кімге арналады? 

BilimLand — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ең заманауи білім беру мазмұнының ең ірі коллекциясы. Бұл курстар әртүрлі жастағы балаларды оқытуға арналады. Мектепке дайындалу, тілдер оқу, жаратылыстану циклі мен математиканы оқуға мүмкіндік беретін бірегей интерактивті кешендер жиынтығы. Бұл сабақты қосымша құралдар көмегімен тиімдірек әрі қызықтырақ етіп, оқушының өздігінен оқуына көмектеседі. 

iMektep.kz — Қазақстанның жетекші әдіскерлері мен мұғалімдері жасап шығарған қазақ бастауыш мектебінің толық оқу курсы. Ол бастауыш мектептің негізгі 8 пәні бойынша жасалған видео-анимациялық бағдарлама. Коллекцияда қосымша интерактивті жаттығулары мен тесттері бар 170 сабақ бар. Курс іздеуге жеңіл, ақпараты ыңғайлы етіп жіктелген онлайн-платформа көмегімен жасалған. Сол себепті мұғалімдер мен оқушыларға пайдалы болмақ. 

iTest.kz — жоғарғы сынып оқушыларының Ұлттық бірыңғай тесттілеуге дайындалуына арналған электронды жаттығу платформасы. Жобаны іске асыруға ҰБТ-ға тест сұрақтарын дайындаған Ұлттық тестілеу орталығы бекіткен кәсіби әдіскерлер, мұғалімдер мен кеңесшілер қатысты. Қазіргі уақытта базасында қазақ және орыс тілдерінде 16 000 сұрақтан бар. Электронды жаттығу платформасы оқушыларға әр пән бойынша дайындалуға мүмкіндік береді. 

Осы аталған білім беру ресурстары педагог пен оқушының оқу үрдісіне дайындалуда уақыт үнемдеуіне жол ашады. Бөлек үш платформада қолжетімді болған сапалы оқу материалдарына енді бір жазылым арқасында қол жеткізуге болады. 


Татьяна Альбертовна Сарсенова

Координатор по онлайн-ресурсам BilimLand.kz