Желтоқсанның кезекті жеңімпазы анықталды

Желтоқсанның кезекті жеңімпазы анықталды

Эссе және өлең-жыр байқауының осымен 15 аптасы өз мәресіне жетті. Айта кетейік, сайыс 2020 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасын таппақ.

Қасиетті және ұлы мереке Тәуелсіздік күні қарсаңында апта жеңімпазын осы тақырып аясында анықтауды жөн санадық. Себебі тәуелсіздіктің еліміз бен жеріміз үшін, әрбір Қазақстан азаматы үшін маңыздылығында ешкімнің де таласы болмас.

Осы күнге дейін тәуелсіздік тақырыбында жолданған өлең жолдары мен эсселер көптеп келіп түсті. Мұнда атап өтетін мәселе – бұл туындылар тек осы мереке қарсаңында ғана емес, байқау басталғалы бері жарияланып келеді. Бұл дегеніміз – байқау қатысушыларының, дарынды жастарымыздың тәуелсіздік сынды баға жетпес құндылығын жүрегінде сақтап, қадірлегенін білдіреді. Көзі ашық, көкірегі ояу, Отанын шын сүйетін ұл-қыздардың шығармалары қашан да көңіл қуантпай қоймасы анық.

Сонымен 15 апта қорытындысы бойынша жеңімпаз болып Жұлдызай Жақсылық танылды.

Тәуелсіздік тақырыбында үздік деп танылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз:

 

Тәуелсіздік тұғырым

 

Мен сүйемін жерім менен елімді,

Жүрегімнен жыр арнасы төгілді.

Жылдар бойы азаттыққа шөлдеген,

Халқым менің не қасірет көрмеген.

 

Орыс патша ұзақ жылдар биледі.

Қарапайым халыққа «билік» деген тимеді,

Қазағымның жалын жүрек жастары,

Желтоқсанда қосылды бір бастары.

 

Шықты міне теңдік іздеп алаңға,

Қазақ атын танытты ғой ғаламға.

Қазақ елін қырып-жойып таптады,

Жауларымыз құмырсқадаай қаптады.

 

Қазақ атын мәңгілікке сақтады,

Жауға шығып ел сенімін ақтады,

Қазағымның Қайрат сынды ұлдары,

Нәзік жүрек Сәбирадай қыздары.

 

Ата-баба мұра еткен байтақ мынау жеріміз,

Қиыншылық көрсе-дағы төтеп берді еліміз.

Сан ғасырлар төгілген қан зая болып кетпеді.

Ұлы халық тілеген соң ажал оғы жетпеді.

 

Бірақ, бірақ уақыт бәрін дегенімен жасады,

Колбин түсіп, орнын оның Назарбаев басады.

Қазақстан Президенті тұңғыш болып сайланды,

Тәуелсіздік жолында ел көңілі жайланды.

 

Мағжан сында азаматтар жазықсыз,

Абақтыда аш жатты ғой азықсыз.

Қалған мәңгі көкіректе сақталып,

Арыстардың аты шықты ақталып.

 

Абайлардың жалын жырын жаттадық,

Ұлыларды халық болып ақтадық.

Ахмет пенен Әлиханды танып біз.

Көкіректе мәңгі бақи сақтадық.

 

Биік ұста тәуелсіздік жалауын,

Бірлік, достық, бейбітшілік – қалауым.

Еркін жұртпын, байқалмайды кеңдігім,

Жаса,жаса азаттығым, теңдігім!

 

(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)

 

Жеңімпазды құттықтаймыз!

Сыйлықты жіберу үшін бізбен байланысуыңызды сұраймыз! 

Еске салайық, bilim-all.kz және bilimland.kz сайттары жас қаламгерлер арасында сайыс жариялаған болатын. Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы таныса аласыз.

bilimland.kz апта сайын үздік шығарма авторларын жариялап, powerbank-пен марапаттап отырады.

Байқау соңындағы негізгі жүлде иесі барлық шығармалар арасынан анықталатын болады!