«Жобалық жұмыс» байқауының жеңімпазы

«Жобалық жұмыс» байқауының жеңімпазы

Байқауға келіп түскен әр жобалық жұмыс тәуелсіз комиссия мүшелерінің жіті тексеруінен өтті. Басты мақсат ғылыми жаңалығы бар, өзекті мәселелерді қамтыған, АКТ-ның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып ерекше талғаммен безендірілген жұмысты анықтау болды. Ал жобаға қатысушылар осы талаптардан шығатын жұмыстарын ұзақтығы 15 минуттан аспайтын бейнематериалда қорғап шығулары тиіс болды.

Байқауға жіберілген жобалық жұмыстар мазмұны мен форматы жағынан алуан түрлі болды, кейбір жұмыстар қызықты болғанымен байқау талаптарына сай келмегендіктен іріктеуден өтпеді. Дегенмен, біз, байқауды ұйымдастырушылар, байқауға қызығушылық танытып, жұмыс жолдаған әрбір қатысушыға алғысымызды білдіреміз.

Сонымен «Жобалық жұмыс» байқауының жеңімпазы анықталды!

Байқаудың комиссия мүшелері Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ-нің 9-сынып оқушысы Әмір Ахметовтің «Күн энергиясын тиімді пайдалану» тақырыбындағы ғылыми жобасын үздік деп таныды.

Ахметов Әмір Юрьевич
Конкурс
Астана қ.
Мектеп: ФМБ НЗМ
Жобалық жұмыс тақырыбы: Күн энергиясын тиімді пайдалану
Жұмыс тілі: орысша 
Жүлде: диплом және 100 000 теңге
 
 
 

 

Жоба 34 жыл ұстаздық еңбек еткен физика пәнінің мұғалімі Қанаева Қарақат Жармұхамбетқызының жетекшілігімен дайындалған.

Қанаева Қаракат Жармуханбетқызы
Конкурс
Астана қ.
Мектеп: ФМБ НЗМ
Пән: Физика
Жүлде: диплом және 100 000 теңге
 
 
 

 

Сондай-ақ 10 жұмысты тәуелсіз комиссия мүшелері үздік деп тапты:

  • «Қазақтың 600 батыры», (Жанболат Пірмат, 7-сынып. Жетекші – Товашов Олжас Құдайбергенұлы,тарих пәні мұғалімі. «Ы. Алтынсарин атындағы ЖББМ» КММ, Шыбыт ауылы, Байдібек ауданы, ОҚО).
  • «Ауыр су», (Жакупова Зарина, жетекші – Кітапбаева Нұргүл Аманжолқызы, химия пәні мұғалімі. «Т. Аманов атындағы №16 ЖББМ» КММ, Семей қ., ШҚО).
  • «Хлорофитум оттегі кепілі», (Аружан Ендібаева, 9-сынып. Жетекші – Есенова Гауһар Сайлауқызы, биология пәні мұғалімі. НЗМ, Шымкент қ., ОҚО).
  • «Ермексазды анимацияда АКТ-ны қолдану», (Тоқтар Қабланбекұлы, жетекші – Үркінбаев Қуаныш Сактағанұлы, өнер пәні мұғалімі. НЗМ, Қызылорда қ.).
  • «Запоминаем, играя – сакральные объекты Казахстана школьникам в игровой форме», (Худяков Ян, 1 класс. Куратор – Дубинина Анна Васильевна, преподаватель начальных классов. КГУ «ОШ №57», г. Алматы).
  • «Химия солнечной системы», (Минин Виктор, 11 класс. Куратор – Минина Леся Петровна, преподаватель начальных классов. КГУ «СШ №2», Акмолинская область, г. Атбасар).
  • «Самодельный микроскоп», (Кукаев Серик, 7 класс. Куратор – Пошатова Наталья Михайловна, преподаватель физики и информатики. КГУ «Тимирязевская СШ», с. Тимирязево Сарыкольского района, Костанайская область).
  • «Уран – энергия будущего», (Социховская Людмила, 8 класс; Швец Елизавета, 11 класс. Куратор – Копенова Макпал Млиярдовна, преподаватель химии и математики. ГУ «Новорыбинская средняя школа-сад», с. Новорыбинка, Акмолинская область).
  • «Энергетические напитки», (Нуптыбаева Айнура, 9 класс; Секен Бексултан, 10 класс. Куратор – Калиакбарова Эльмира Биляловна, преподаватель химии. ГУ «Школа-лицей №1», г. Астана).
  • «Историю творят люди», (Сатыбалдин Акежан и Мовсесова Эвелина, 3 класс. Куратор – Сатыбалдина Аягоз Сейтказиевна. КГУ «Бидайыкская СШ», с. Бидайык, Уалихановский район, СКО).

Байқауға жолданған өзге де қызықты жұмыстар алдағы уақытта сайтта жарияланып тұрады. Бұндай жобалық жұмыс жетекшілері алғысхаттармен, ал оқушылар сертификаттармен марапатталып, bilimland.kz сайтына жарты жылға тегін жазылу мүмкіндігіне ие болады.

Жеңімпаздарымыз Қарақат Жармұхамбетқызы мен шәкірті Ахметов Әмірді лайықты жеңістерімен тағы бір мәрте құттықтаймыз! Игілікті еңбек және шығармашылық табыс тілейміз!

134Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Гульнар Серикболова
Гульнар Серикболова
13 желтоқсан 2018 ж. 18:48
Керемет
Арайлым Балтабекова
Арайлым Балтабекова
13 желтоқсан 2018 ж. 16:10
керемет, еңбегіңіз жана берсін
Гульшат Сабыкова
Гульшат Сабыкова
13 желтоқсан 2018 ж. 16:08
Құттықтаймын!!! Еңбегіңіз жана берсін!
ЗӘУРЕН АҚЫМЕТҚАНҚЫЗЫ
ЗӘУРЕН АҚЫМЕТҚАНҚЫЗЫ
11 желтоқсан 2018 ж. 21:29
қашан қатысуға болады
Рахымжан Алманбетов
Рахымжан Алманбетов
7 желтоқсан 2018 ж. 21:31
Эссені өз профайлмнан жібердім. Оқушым жазған. Ол қабылдана ма?
Ақбота Матаева
Ақбота МатаеваCайт модераторы
10 желтоқсан 2018 ж. 9:07
Қайырлы таң! Жоқ, өкінішке орай қабылданбайды. Себебі байқау шарты бойынша оқушы бізге тіркелуі қажет болған. Мүмкіндігіңіз болса оқушыңызды тіркеп, жұмысын қайтадан жіберіп көріңіз.
temirlan.32
temirlan.32
7 желтоқсан 2018 ж. 20:11
сәлеметсіздерме! Құтты болсын! Математика пәнінен болады ма, болса кайдан білуге болады?
man.1157
man.1157
4 желтоқсан 2018 ж. 15:13
cәлеметсізбе! конкурсқк қатысу үшін негізгі талаптары жайында білгіміз келеді. оқушылардың ғылыми жұмыстары бойынша уақыты, өлшемі туралы мәліметті murager_bb@mail.ru жіберіңізші өтініш
Ақбота Матаева
Ақбота МатаеваCайт модераторы
10 желтоқсан 2018 ж. 9:17
Сәлеметсіз бе! Байқау талаптары әзірге белгісіз. Өйткені байқаудың талаптары тек байқауды жариялайтын кезде нақты белгілі болады. Әзірге байқаудың өтетін мерзімін, шамамен 2019 жылдың ақпан айына жоспарлап отырмыз. Байқауды жариялаған соң оқушылардың ғылыми жұмыстарын пысықтап алуына көлемді уақыт беріледі. Барлық жаңалықтар сайтқа алдын ала жарияланады. Рақмет.
karaozek.10
karaozek.10
4 желтоқсан 2018 ж. 10:42
как участвовать в конкурсах научных проектов? какие условия участия ? отправьте пакет документов пожалуйста na postu zhumabaeva1976@inbox.ru
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
4 желтоқсан 2018 ж. 10:44
Здравствуйте, о грядущих конкурсах мы сообщаем в наших разделах новостей и в социальных сетях. Следите за обновлениями!
Рая Акимжанова
Рая Акимжанова
4 желтоқсан 2018 ж. 0:24
Cәлеметсіздер ме .Жеңістеріңіз құтты болсын. Бастауыш сынып мұғалімдеріне және оқушыларға арналған қандай жарыстар бар? Жауап күтеміз
Индира Мирзабаева
Индира Мирзабаева
3 желтоқсан 2018 ж. 15:38
жобаға қатысу тегінбе?
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
4 желтоқсан 2018 ж. 10:45
Тегін!