«Жобалық жұмыс» онлайн-байқауы басталды

«Жобалық жұмыс» онлайн-байқауы басталды

Жобалық жұмыстар оқушылардың алған білімдерін тәжірибелік тапсырмалар орындауда қолдануға мүмкіндік береді. Ал қазіргі цифрлық ресурстар оқушыларға жобалық жұмыстар жасауға көмектеседі. Мәселен, bilimland.kz білім беру порталында мектеп бағдарламасы бойынша интерактивті сабақтар мен қосымша материалдар жеткілікті.

Мектеп оқушыларының ғылымға және жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Жобалық жұмыс» онлайн-байқауы бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл біздің сайтымыздағы оқушы мен мұғалімнің бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізуіне, оқушының ғылымға деген бейімін дамытуға, оқушының ғылыми жобасын жариялауға мүмкіндік беретін байқау болып отыр.

Байқауға мектеп оқушылары мен олардың жетекшілері (мұғалімдер) қатыса алады. Қатысушылар байқауға жобалық жұмыстың жоспарын (bilimland.kz, khanacademy.org, ted.com, e-history.kz, youtube.com интернет ресурстары қолданылған) және жобаның таныстыруын (mp4 форматындағы бейнематериал) жолдаулары қажет.

Сараптама комиссиясы жобалық жұмыс тақырыбының өзектілігіне, тәжірибе жүзінде жүзеге асыру тиімділігіне ерекше мән береді.

Байқауға жұмыс жолдамас бұрын bilimland.kz сайтындағы байқау ережелерімен мұқият танысып шығыңыздар.

Жұмыстар тек bilimland.kz. сайтында қабылданады.
Байқау қорытындысы bilimland.kz порталында және әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін жарияланады.

Байқау ережелерімен мұқият танысып шығыңыз