«Жобалық жұмыс» байқауының жеңімпазы

«Жобалық жұмыс» байқауының жеңімпазы

Байқауға келіп түскен әр жобалық жұмыс тәуелсіз комиссия мүшелерінің жіті тексеруінен өтті. Басты мақсат ғылыми жаңалығы бар, өзекті мәселелерді қамтыған, АКТ-ның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып ерекше талғаммен безендірілген жұмысты анықтау болды. Ал жобаға қатысушылар осы талаптардан шығатын жұмыстарын ұзақтығы 15 минуттан аспайтын бейнематериалда қорғап шығулары тиіс болды.

Байқауға жіберілген жобалық жұмыстар мазмұны мен форматы жағынан алуан түрлі болды, кейбір жұмыстар қызықты болғанымен байқау талаптарына сай келмегендіктен іріктеуден өтпеді. Дегенмен, біз, байқауды ұйымдастырушылар, байқауға қызығушылық танытып, жұмыс жолдаған әрбір қатысушыға алғысымызды білдіреміз.

Сонымен «Жобалық жұмыс» байқауының жеңімпазы анықталды!

Байқаудың комиссия мүшелері Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ-нің 9-сынып оқушысы Әмір Ахметовтің «Күн энергиясын тиімді пайдалану» тақырыбындағы ғылыми жобасын үздік деп таныды.

Ахметов Әмір Юрьевич
Конкурс
Астана қ.
Мектеп: ФМБ НЗМ
Жобалық жұмыс тақырыбы: Күн энергиясын тиімді пайдалану
Жұмыс тілі: орысша 
Жүлде: диплом және 100 000 теңге
 
 
 

 

Жоба 34 жыл ұстаздық еңбек еткен физика пәнінің мұғалімі Қанаева Қарақат Жармұхамбетқызының жетекшілігімен дайындалған.

Қанаева Қаракат Жармуханбетқызы
Конкурс
Астана қ.
Мектеп: ФМБ НЗМ
Пән: Физика
Жүлде: диплом және 100 000 теңге
 
 
 

 

Сондай-ақ 10 жұмысты тәуелсіз комиссия мүшелері үздік деп тапты:

  • «Қазақтың 600 батыры», (Жанболат Пірмат, 7-сынып. Жетекші – Товашов Олжас Құдайбергенұлы,тарих пәні мұғалімі. «Ы. Алтынсарин атындағы ЖББМ» КММ, Шыбыт ауылы, Байдібек ауданы, ОҚО).
  • «Ауыр су», (Жакупова Зарина, жетекші – Кітапбаева Нұргүл Аманжолқызы, химия пәні мұғалімі. «Т. Аманов атындағы №16 ЖББМ» КММ, Семей қ., ШҚО).
  • «Хлорофитум оттегі кепілі», (Аружан Ендібаева, 9-сынып. Жетекші – Есенова Гауһар Сайлауқызы, биология пәні мұғалімі. НЗМ, Шымкент қ., ОҚО).
  • «Ермексазды анимацияда АКТ-ны қолдану», (Тоқтар Қабланбекұлы, жетекші – Үркінбаев Қуаныш Сактағанұлы, өнер пәні мұғалімі. НЗМ, Қызылорда қ.).
  • «Запоминаем, играя – сакральные объекты Казахстана школьникам в игровой форме», (Худяков Ян, 1 класс. Куратор – Дубинина Анна Васильевна, преподаватель начальных классов. КГУ «ОШ №57», г. Алматы).
  • «Химия солнечной системы», (Минин Виктор, 11 класс. Куратор – Минина Леся Петровна, преподаватель начальных классов. КГУ «СШ №2», Акмолинская область, г. Атбасар).
  • «Самодельный микроскоп», (Кукаев Серик, 7 класс. Куратор – Пошатова Наталья Михайловна, преподаватель физики и информатики. КГУ «Тимирязевская СШ», с. Тимирязево Сарыкольского района, Костанайская область).
  • «Уран – энергия будущего», (Социховская Людмила, 8 класс; Швец Елизавета, 11 класс. Куратор – Копенова Макпал Млиярдовна, преподаватель химии и математики. ГУ «Новорыбинская средняя школа-сад», с. Новорыбинка, Акмолинская область).
  • «Энергетические напитки», (Нуптыбаева Айнура, 9 класс; Секен Бексултан, 10 класс. Куратор – Калиакбарова Эльмира Биляловна, преподаватель химии. ГУ «Школа-лицей №1», г. Астана).
  • «Историю творят люди», (Сатыбалдин Акежан и Мовсесова Эвелина, 3 класс. Куратор – Сатыбалдина Аягоз Сейтказиевна. КГУ «Бидайыкская СШ», с. Бидайык, Уалихановский район, СКО).

Байқауға жолданған өзге де қызықты жұмыстар алдағы уақытта сайтта жарияланып тұрады. Бұндай жобалық жұмыс жетекшілері алғысхаттармен, ал оқушылар сертификаттармен марапатталып, bilimland.kz сайтына жарты жылға тегін жазылу мүмкіндігіне ие болады.

Жеңімпаздарымыз Қарақат Жармұхамбетқызы мен шәкірті Ахметов Әмірді лайықты жеңістерімен тағы бір мәрте құттықтаймыз! Игілікті еңбек және шығармашылық табыс тілейміз!

Ұқсас мақалалар

«Жобалық жұмыс» онлайн-байқауы басталды - Bilimland.kz «Жобалық жұмыс» онлайн-байқауы басталды
16.04.2018