Ғылым жолында жаңа белестерді бағындырайық!

Ғылым жолында жаңа белестерді бағындырайық!

BilimLand жаңашылдыққа жаны жақын оқушыларды ынталандыруға әрі мадақтауға әрқашан дайын. АКТ мен электронды ресурстарды қолдану барысында шығармашылық қабілеттерді, танымдық белсенділікті дамыту және ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында BilimLand Жобалық жұмыс байқауын жариялайды!

Жобалық мансап оқу кезінде алған білімі мен қабілетін қолдана отырып, практикалық тапсырмаларды орындауды көздейді. Жобалар байқауына қатысуы үшін мұғалім мен оқушы бірігіп, Мұғалім+Оқушылар (2 оқушыдан артық емес) тобын құруы қажет.

Осы жылы байқау ҚР Білім және ғылым министрлігінің (29.11.2018 ж. №656 бұйрық) «Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесіне» енді.

Байқауда қалай жеңіске жетуге болады?

Байқау Ережесін мұқият оқып шығыңыз – бұл кез келген байқауда жеңіске жету жолындағы жасалған маңызды қадам.

Байқау жұмысы құрамында интернет-ресурстары (мысалы: bilimland.kz, twig-bilim.kz, khanacademy.org, ted.com, e-history.kz, youtube.com және т.б.) бар толыққанды жазылған жоба жоспары (word-құжат форматында) және зерттеудің барлық кезеңдері: мәселені көтеру (ашу), теориялық деректер, прототип немесе жоба моделі және оларды жасау, зерттеу нәтижелері, т.б. көрсетілген mp4 форматындағы бейнеролик болуы керек.

Сараптама комиссиясы жобалық жұмыс тақырыбының өзектілігіне, практикалық қолданысына және зерттеу нәтижесінің бірегейлігіне ерекше назар аударады.

Байқау өткізу Ережесімен мұқият танысып шығыңыз!

Жұмыстар bilimland.kz сайтында қабылданады.

Жұмыстарды қабылдау 2019 жылдың 20 мамырында аяқталады. Байқау қорытындысы 01.07.2019 жылға дейін bilimland.kz порталында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Білім беруде жоба жұмыстарымен айналысу кезінде заманауи электронды ресурстар таптырмас жаңашылдық – сондықтан BilimLand қолжетімді ресурстарын пайдаланып, жаңа белестерді бірге бағындырайық!

Шарттарды оқып, сауалнаманы толтыру

Ұқсас мақалалар

Жобалық жұмыс 2019 байқауының жеңімпаздарын жариялаймыз! - Bilimland.kz Жобалық жұмыс 2019 байқауының жеңімпаздарын жариялаймыз!
20.06.2019
Жобалық жұмыс 2019 – жұмыстарды қабылдау аяқталды - Bilimland.kz Жобалық жұмыс 2019 – жұмыстарды қабылдау аяқталды
21.05.2019