Жобалық жұмыс 2019 байқауының жеңімпаздарын жариялаймыз!

Жобалық жұмыс 2019 байқауының жеңімпаздарын жариялаймыз!

Жыл сайын өтетін байқаудың екіншісі де өз мәресіне жетті, әділқазылар жұмыстарды бағалауын аяқтады. Биыл байқауға қатысуға ниет білдіргендер 84 зерттеу жұмысының видеоәзірлемесін жолдап үлгерген. Олардың арасында экология, поэзия және халық шығармашылығы жайлы жобалар, тіпті жұмыстардың біразі роботтехника және ақпараттық жүйелерді күнделікті  тұрмыста қолдану тақырыбына арналды. Кіші топ аталымында 40 жоба, ал Жоғары топ аталымында 44 зерттеу жұмысы қатысты. Қатысушылар тапсырманы орындау мен материалды қызықты тәсілмен жеткізу жолында жасампаздық танытты.

Байқау жұмыстарын тәуелсіз сарапшылар комиссиясы бағалады, олар өз кезегінде өзектілігімен ерекшеленетін әрі зерттеу нәтижесі іс жүзіндегі тәжірибеге ұласқан, безендіру аясындағы жасампаздық байқалатын, зерттеуді әзірлеуде АКТ-ны пайдаланған жобаны анықтауға тырысып бақты. Қатысушылар аталған талаптың барлығын ұзақтығы 15 минутқа дейінгі қысқа видеоның ішіне кірістіруі керек болатын.

Байқауға жіберілген жобалық жұмыстар мазмұны мен форматы жағынан алуан түрлі болды, кейбір жұмыстар қызықты болғанымен байқау талаптарына сай келмегендіктен іріктеуден өтпеді. Қазылар алқасы келесі жылғы қатысушылар жеңіске бір қадам жақын болуы үшін биылғы жұмыстардың кем-кетігін ескеріп, жеңімпазды анықтау кезінде ерекше маңызға ие болған жәйттер туралы келесі ұсыныстарды хабарлауды жөн көрді:

  • Байқаудың негізгі шарттары орындалмаған – қатысушы видеоның орнына PowerPoint презентациясын жолдаған, Word-файл қатты сығылған (жобаның әзірлемесі емес, мазмұндама), жоба әзірлемесінің мәтінінде бірегейлік деңгейі байқау талаптарына сәйкес келмейді. Шарттарды мұқият оқып, орындаған жөн, себебі ең алдымен жұмыстардың Байқауды өткізу ережесінде жазылған талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

  • Сапасы нашар видео (дыбыс пен бейне біркелкі емес, форматы мен өлшемін өзгерту барысында видеода бейненің белгілі бір бөлігін жауып тұратын жазу қалған, ортасынан үзіліп қалады және толық жүктелмеген) – техникалық сипаттамалар да маңызды, жоғарыда көрсетілген қателіктерге бой алдырмау үшін жұмысты жібермес бұрын тағы бір тексерген жөн. Бұл критерийдің маңызы зор, себебі байқау мақсаттарының бірі – оқушыларға жұмыстарын таныстыруды, белгіленген уақыт аралығында жобаның мәнін ашып беруге үйрету.

  • Видеоның мазмұны байқаулық жұмысқа сай келмеуі – жоба мен видео бір-біріне сәйкес келуі аса маңызды. Мынадай жағдайлар да орын алған, жобада зерттеу кезінде АКТ пайдаланылғаны жазылған, алайда видеода көрсетілмеген, бұл да қате боп есептеледі. Видеоның өзінде қандай кезеңдерді өткені, қай АКТ ресурсы және жобада қалай қолданғаны, модельді құру кезеңдері немесе тәжірибе жасау көрсетілуі тиіс.

Жоғарыдағы тармақтар қатысушы топтарға келесі жылы сапалы жоба жасап, жеңіске жетуге көмектеседі. Қызығушылық танытып, баршаға жаңалық ашу жолындағы қажырлы еңбегі үшін барлық қатысушыға алғыс айтамыз.

2019 жылдың «Жобалық жұмыс» байқауы жеңімпаздарын таныстырар уақыт жетті!

Кіші топтың жеңімпазы

Бұл аталымда тәуелсіз сарапшылардың таңдауы 2-сынып оқушысы Худяков Ян мен бастауыш сынып мұғалімі Дубинина Анна Васильевнаның «Вермиферма на твоем подоконнике: скажи СТОП мусорному потоку!» тақырыбындағы ғылыми жобасына түсті. Біріккен топ зерттеуді кезең-кезеңмен құру, жобаны әзірлеу кезеңдерін таныстырудың тамаша үлгісін көрсетті. Ян мен Анна Васильевна осымен екінші жыл қатарынан қатысып келеді, оған қоса жобалық жұмысты дайындау мен оны таныстыруда ілгері басқандарын байқатты. 
Вермиферма тұрмыстық қалдықтардан бау-бақшаға пайдалы заттарды ала отырып, тиімді пайдалануда үздік шешім болып есептеледі.

Вермиферма-min.png
Облыс, қала: Алматы
Мектеп: «№57 ОМ» КММ
Сынып: 2
Жобаның тақырыбы: Вермиферма на твоем подоконнике: скажи СТОП мусорному потоку!
Жұмыс тілі: Орысша
Жүлде: Жеңімпаз дипломы және 200 000 теңге

Жоғарғы топ жеңімпазы

Жоғарғы топ арасында Нұр-Сұлтан қ. «№1 мектеп-лицей» КММ 10-сынып оқушысы Иосиф Кутателадзе мен химия пәнінің мұғалімі Калиакбарова Эльмира Биляловнаның ғылыми жобасы жеңіске жетті. Бұл топтың «Chemicals KZ» атты жобасы мобильді қосымша түрінде дайындалған. Қосымшаның көмегімен кез келген қолданушы химиялық элементтер жайлы қызықты мәлімет ала алады. Қосымшаны AppStore және PlayMarket-тен жүктеп алуға болады.

Кимкалз-min.png
Облыс, қала: Нұр-Сұлтан
Мектеп: «№1 мектеп-лицейі» КММ
Сынып: 10
Жобаның тақырыбы: Chemicals KZ
Жұмыс тілі: Орысша
Жүлде: Жеңімпаз дипломы және 200 000 теңге

Сондай-ақ сарапшылар комиссиясы 30 үздік жұмысты анықтады. Жоба тәлімгерлері алғысхат алады, ал оқушылар байқауға қатысушы сертификатына ие болады.

Байқаудың мәресіне қатысушылардың тізімін көру

Естеріңізге сала кетейік, байқауда жеңіске жетпесе де, ерекше көңіл бөліп көруге лайықты жұмыстар bilimland.kz сайтында жарияланатын болады. Ол видеоларды Мұғалім парақшасы бөлімі, Жобалар мен зерттеулер модулінен таба аласыз. Жаңалықтарымыздан хабардар болу үшін Блог бөлімін оқи жүріңіздер!

Байқау жеңімпаздарын тағы бір мәрте құттықтаймыз!
Қатысушыларға тілейтініміз – армандарыңыз орындалып,
жаңа белестерді бағындыра беріңіздер

Ұқсас мақалалар

Жобалық жұмыс 2019 – жұмыстарды қабылдау аяқталды - Bilimland.kz Жобалық жұмыс 2019 – жұмыстарды қабылдау аяқталды
21.05.2019
Ғылым жолында жаңа белестерді бағындырайық! - Bilimland.kz Ғылым жолында жаңа белестерді бағындырайық!
01.03.2019