«ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ 2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ 2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ 2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Педагогтерге арналған жыл сайын өтетін «Жаңашыл мұғалім 2023» республикалық байқауы аяқталғанын хабарлаймыз. Байқауға еліміздің барлық өңірінен педагогтер қатысты. Байқаудың мақсаты – педагогтердің білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға қосқан үлесін тану және тарату, сонымен қатар педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу. Байқау екі кезеңде ұйымдастырылып, оқу жылының соңында қорытындыланды.

Байқауға қатысушылар өз жұмыстарында: сабақ әзірлемелерінде, сыныптан тыс іс-шараларда, сабақтардың видеофрагменттерінде кәсіби деңгейлерінің жоғары екенін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға шығармашылық тұрғысынан қарағанын көрсетті. Өкінішке орай, байқау талаптарына сай келмегендіктен, оның ішінде техникалық себептермен, іріктеуден өтпеген жұмыстар да болды.

«Жаңашыл мұғалім-2023» байқауының жеңімпаздарын сараптамалық комиссия анықтады, оның құрамына жетекші мамандар, педагогика шеберлері, әдіскерлер, сондай-ақ өткен жылдардағы байқаудың жеңімпаздары кірді.

Сарапшылар құрамы

Білікті қазылар алқасы байқауға қатысқан жұмыстардың әдістемелік мазмұндылығын, идеясының бірегейлігін, цифрлық ресурстарды қолданудың өзектілігі мен нәтижелілігін, сондай-ақ жалпы көрнекілігін бағалады. Сарапшылар білім беру ресурстарының шебер әрі жаңашыл тәсілмен қолданылуына, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануына, сондай-ақ педагогтің оқушылармен өзара қарым-қатысына да назар аударды.

Біз құрметті қазылар алқасына, сондай-ақ байқаудың барлық қатысушыларына алғыс айта отырып, жеңімпаздардың есімін жариялаймыз!

Байқау қорытындысы бойынша 1091 жұмыс арасынан Тәуелсіз комиссия 4 номинация бойынша 5 жеңімпазды анықтады:

Биылғы жылы қазылар алқасы «Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар» номинациясы бойынша жүлдені екі мұғалім арасында бөлу туралы шешім қабылдады.

Алпысова Меруерт Ерланқызы, Абай облысы, Семей қаласы, «№ 48 орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Сейлева Арайлым Тоғайқызы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, «№ 37 ОСШ» ШЖҚ МКК, биология пәнінің мұғалімі.

Жеңімпаздар дипломмен және 250 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.

«Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» номинациясы бойынша жеңімпаз дипломымен және 500 000 теңге ақшалай сыйлықпен Ұлытау облысы, Жезқазған қ., №3 «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Азирова Нургиза Сафаровна марапатталады.

«Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» номинациясы бойынша жеңімпаз дипломымен және 500 000 теңге ақшалай сыйлықпен, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Новенкое ауылының, «Новенкое орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Тулепкалиева Ляйла Шапбазкерейқызы марапатталады.

«Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» номинациясы бойынша жеңімпаз дипломымен және 500 000 теңге ақшалай сыйлықпен, Абай облысы, Семей қаласы, «Өрлеу» балабақшасы» ЖШС-нің тәрбиешісі Бочарова Ирина Владимировна марапатталады.

Биылғы жылы байқауға қатысушылардың жоғары кәсібилігін ескере отырып, қазылар алқасы финалға өткен қатысушылардың арасынан ең көп ұпай жинаған үздік жұмыс авторларын ынталандыруды, атап айтқанда, электронды грамоталармен марапаттауды ұйғарды.

Грамота иегерлерінің тізімі

Жұмыстары байқаудың 1-кезеңінің, барлық талаптарына сәйкес келетін қатысушылар (Байқау туралы ережеге сәйкес (Байқауды ұйымдастыру бөлімінде)) қатысушының электрондық сертификатын, ал жұмыстары байқаудың 2-кезеңінің, барлық талаптарына сәйкес келетін қатысушылар финалисттің электрондық сертификатын (Байқау туралы ережеге сәйкес ( Байқауды ұйымдастыру бөлімінде)). Қатысушылар өз сертификаттарын bilimustaz.kz платформасындағы жеке кабинетінен («сертификаттар» бөлімінде) немесе Bilim (Мұғалім) қосымшасынан 1 маусымға дейін жүктеп ала алады.

Байқау қатысушыларының тізімі

Байқау финалисттерінің тізімі

Құрметті ұстаздар! Сіздердің жоғары кәсібилікпен атқарған жұмыстарыңызға алғыс айта отырып, маңызды әрі игілікті еңбектеріңізді атқару жолында жеке жетістіктер мен толағай табыс тілейміз!

Ұқсас мақалалар

«Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» номинациясы - Bilimland.kz «Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» номинациясы
15.06.2023
«Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» номинациясы - Bilimland.kz «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» номинациясы
14.06.2023
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» номинациясы - Bilimland.kz «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» номинациясы
13.06.2023