«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының бірінші кезеңінің аяқталуы

«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының бірінші кезеңінің аяқталуы

Байқауға сабақта және тәрбие жұмыстарында инновациялық технологияларды белсенді қолданатын Қазақстанның барша мұғалімдері қатысты. Жұмыстар мына төрт аталым бойынша қабылданды:

  • Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ҰБТ-ға дайындауда қолдану;
  • Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Байқаудың бірінші кезеңінің басты шарты Bilimland.kz білім беру платформасының ресурстарын оқу үдерісінде тиімді әрі ұтымды пайдалану болды.

Байқауға қабылданған барлық жұмыстар тәуелсіз сараптама комиссия мүшелеріне өткізілді. Ары қарай жұмыстар қарастырылып, екінші кезеңге өткен қатысушылар электронды пошталарына 12 наурызға дейін хат алады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда және әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда жарияланып тұратын болады.

Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Байқаудың қосымша аталымдары - Bilimland.kz Байқаудың қосымша аталымдары
14.06.2017
Сабақтағы АКТ. Жеңімпаздар - Bilimland.kz Сабақтағы АКТ. Жеңімпаздар
07.06.2017
АКТ-ны ҰБТ-ға дайындауда қолдану - Bilimland.kz АКТ-ны ҰБТ-ға дайындауда қолдану
06.06.2017