Алматыда «Менің мамандығым» атты V Жастар конференциясы өтеді

Алматыда «Менің мамандығым» атты  V Жастар конференциясы өтеді

Осы демалыс күндері Алматыда екі бірдей ауқымды шара өтеді. Оның бірі, Республикалық «Менің мамандығым» жастар конференциясы болса, тағы бірі «МегаМүмкіндік» Республикалық олимпиадасы.

30 наурызда өтетін «Менің мамандығым» V Жастар конференциясы Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) ұйымдастыратын жыл сайынғы кәсіптік бағдарлау шарасы болып табылады.

Бұл шара кімге арналған? Конференция – болашақ мамандық таңдаудың машақатымен жүрген барша жастар үшін тиімді мүмкіндік. Жастар конференциясы мектеп оқушыларының бас қосып, Қазақстандағы үздік спикерлер жүргізетін мастер-класстарды тыңдап, өздеріне қажетті ақпаратты алатын алаңға айналып отыр.

Іс-шараның басты мақсаты – кез келген абитуриент немесе студент, оқушылардың ата-аналары мамандықтар жайлы тікелей кәсіп иелерінің тәжірибесінен, қазақстандық мамандар мен халықаралық компаниялар қызметкерлерінің аузынан шынайы әрі пайдалы болатын ақпарат алу. Спикерлер өздерінің мамандықтары мен кәсіптері, күнделікті жұмыс уақыты, мансап жолындағы қиындықтар мен қызықтар, болашақ мамандықтардың мүмкіндіктері жайлы айтатын болады және абитуриенттерді мазалаған сұрақтарға жауап береді.

Конференцияның серіктестері мен спикерлары қазақстандық және халықаралық көкжиектегі танымал сарапшылар мен мамандар, олардың қатарында Рамиль Мухоряпов – Сhoco Family Holding директоры, Алексей Ли – «Технодом» қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Асхат Мурзабаев – HIPO негізін салушы, Ринад Темирбеков – Орталық Азияның Еуразия қорының атқарушы директоры, Мамтимин Махаметалев – «Заңгер 87» Адвокат кеңсесінің бас директоры, Азамат Конратбаев –аудиторлық қызмет серіктесі, PwC, Михаил Шамаков –High Tech Logistics директоры, Мухит Косаев – аудиторлық қызмет департаментінің серіктесі, KPMG Audit, Ринат Талтусов – «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарушы директоры, Властимил Самек – БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі, Наталья Еськова – Kcell компаниясының коммуникация бөлімі жектешісі, Андрей Андреев – Microsoft компаниясының БҚ технологиялары бойынша маман, Назым Байгожаева – Rixos Almaty қонақ үй мен қонақтармен жұмыс істеу департаментінің қонақтарды орналастыру бөлімінің бастығы сияқты қонақтар шақыртылады.

Сонымен бірге, 31 наурызда Республикалық «МегаМүмкіндік» республикалық олимпиадасы өтеді. Алматы Менеджмент Университеті ұйымдастыратын бұл шара биыл 15-рет өтпек. Мұнда республика бойынша мектеп оқушылары университетте оқу гранттары мен жеңілдіктер ұтып ала алады. Осы уақытқа дейін олимпиада барысында 500-ден астам адам университетте оқуға мүмкіндік алған. Ал осы жылы, AlmaU универсиетінің 30-жылдық мерейтойына орай, барлық оқу жылына 25%, 30 - 50% және 30 - 100%-дық жеңілдіктер ұсынады.

Конференцияға қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркелу керек: https://bitly.su/78Jm2.

Толық ақпарат: Мекен-жай: Алматы қ-сы, Розыбакиев көш, 227

Байланыс нөмірі: +7(727) 313-30-90 (93)

Cайттағы almau.edu.kz және Instagram парақшасындағы жаңалықтарды шолып отырыңыз – @almau_edu.