100-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫ ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЖОБА ҰСЫНАДЫ

100-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫ ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЖОБА ҰСЫНАДЫ

5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco»республикалық экологиялық жобалар байқауы басталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам оқушы қатысады.

Конкурс ұйымдастырушыларының айтуынша,байқау оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеп, экологиялық сауаттылықты арттырып, мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

«Қатысушылаи төрт бағыт бойынша жұмыстарын ұсынады.«Туған өлке табиғаты», «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама», «Таза қала сізден басталады». Ережеге сай жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас ерекшеліктеріне қарай 5-6 және 7-8 сынып аралығында анықталатын болады», - деді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және грамоталармен марапатталады. Конкурс Ережесі www.daryn.kz сайтында қолжетімді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ