11 мамырдан кейін оқушылар қалай оқиды – министр жауабы

11 мамырдан кейін оқушылар қалай оқиды – министр жауабы

– Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін мектеп, колледж, университеттер қашықтан жұмыс істеуін жалғастыра береді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тікелей эфир барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент айтқандай, мектеп, колледж, университеттер қашықтан жұмысын жалғастыра береді. Қашықтан жұмыс істеп келе жатқанымызға үш апта болды. Осылай жұмыс істеуге үйреніп қалдық. Бастапқыда туындаған сұрақтар қазір жоқ. Процесс жүріп жатыр және бұған қатысты үлкен мәселе жоқ», - дейді министр.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов оқу жылы қашан аяқталатынын айтты. «ҚР Білім және ғылым министрілігінің бұйрығы бойынша оқу жылын кесте бойынша аяқтаймыз. 25 мамырда орта білім беру мекемелерінің бәрінде оқу жылы аяқталады», - дейді ол.

 

Толығырақ: inform.kz