15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл мереке әлемдегі әрбір «қоғам ұяшығының» қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Қоғамның басты элементі ретінде отбасы тұрақтылық пен дамудың басты факторы болып табылады.
Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы оқушылар бар және қазіргі мектептерді ойлайтын әрбір қазақстандық отбасыға қызықты болу керек.
Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні ата-аналар мектепке келіп, мектеп басшыларымен, сынып жетекшілерімен және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарға мардымды жауаптар алу мүмкіндігіне ие болады.
Құрметті ата-аналар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова ата-аналар балалары оқитын мектепке үлгеру үшін жұмыс берушілерден осы күні қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды.
Дереккөз: ҚР БҒМ пресс-хатшылығы