150 ЖАС МАТЕМАТИК Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА СЫНҒА ТҮСЕДІ

150 ЖАС МАТЕМАТИК Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА СЫНҒА ТҮСЕДІ

Наурыз айының 1-3 аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІІ Халықаралық ғылыми жобалар конкурсы өтеді. Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан жиналған 150 оқушы өзара бақ сынайды.

«Қатысушылар «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика» және «Экономикадағы математикалық әдістер» бағыттары бойынша ғылыми жобалар қорғайды. Жеңімпаздар алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады»,– дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Айта кету керек, байқаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының YouTube арнасында тікелей көрсетіледі. Байқау Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің базасында өтеді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ