1700-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ

1700-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ

Биыл зияткерлік сайыс электронды форматта өтті. Жарысқа 15 мың оқушы қатысып, 1700-ден аса қатысушы республикалық кезеңде бақ сынайды.

Зияткерлік сайыс ақпан айының 13-18 аралығында өтті. «Дарын» РҒПО директорының м.а. Ғаждембек Тұрсыновтың айтуынша, ережеге сай облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 1620 қатысушы, сондай-ақ республикалық олимпиадалық резервтің оқу-жаттығу жиындарынан 88 оқушы қорытынды кезеңге жолдама алады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі Шымкент қаласында ұйымдастырылады. Наурыз айының 20-25 аралығында жаратылыстану-математикалық, 3-8 сәуір күндері қоғамдық-гуманитарлық бағытында өтеді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ