192 ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДА

192 ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДА

Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау 192 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында 14 мамандық және 31 біліктілік бойынша жүргізіледі. Бұл сала бойынша 20 мыңға жуық студент білім алуда, оның ішінде 17 мың студент мемлекеттік тапсырыспен оқиды.

Жыл сайын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша 7,5 мыңға дейін маман даярланады. Оның ішінде 5 мыңнан астамы жұмысқа орналасады.

Айта кету керек, колледж студенттері оқу кезінде кәсіпорын базасында кәсіби тәжірибеден өтеді, оның ішінде ақысы төленетіні де бар. 500-ден астам педагог кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті. Бүгінгі таңда 90 кәсіпорын 80 ауыл шаруашылығы колледжіне шефтік қамқорлық етеді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ