200-ГЕ ЖУЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ ҮЗДІК АТАҚ ҮШІН БАҚ СЫНАСАДЫ

200-ГЕ ЖУЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ ҮЗДІК АТАҚ ҮШІН БАҚ СЫНАСАДЫ

Еліміздің әр өңірінен 199 студент Қазақстан колледждерінің «ТОП-100» студенті атағына үміткер. Үздіктердің үздігі онлайн дауыс беру арқылы анықталады. Байқау жеңімпаздары сертификаттар мен бағалы сыйлықтар ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілер оқытатын мамандықтар бойынша жұмысқа шақыру да алады.

WorldSkills бойынша облыстық, республикалық және халықаралық чемпионаттардың, ғылыми конференциялардың жеңімпаздары, олимпиадалардың, түрлі байқаулардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары, шығармашылық топтардың өкілдері, жобалардың, инновациялық идеялар мен стартап жобалардың авторлары қатысып жатқанын еске сала кетейік.

Байқау 20 қазанда басталып, 2022 жылғы 15 қарашаға дейін жалғасады. Қазақстандықтар «Talap» КЕАҚ https://kasipkor.kz/prod/top100/index.php ресми интернет-ресурсында қатысушылар туралы ақпаратпен танысып, өз дауыстарын бере алады.

«Облыстық кезең аяқталды. Оның қорытындысы бойынша ҚР колледждерінің «ТОП-100» студенті атағына 199 адам үміткер. Бұл былтырмен салыстырғанда 30-ға жуық үміткерге артық. Байқаудың беделі жыл сайын артып келеді, өйткені оған колледждердің үздік студенттері қатысады. Конкурс жеңімпаздары болашақ жұмыс берушілерімен танысу мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, былтыр 50-ге жуық қатысушы конкурс қорытындысы бойынша жұмысқа орналасты. Осындай алаңды ұсына отырып, біз дарынды колледж студенттерін анықтап, оларға қолдау көрсеткіміз келеді», – дейді ТжКБ департаменті директоры Ернат Жүнісов.

Байқаудың ресми жабылу рәсімі желтоқсан айының басында өтеді. Іс-шара аясында «ТОП-100» жеңімпаздарын марапаттау, сондай-ақ студенттердің жеке және кәсіби өсуіне арналған шеберлік сабақтары, тренингтер мен курстардан өтуі жоспарда бар.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ