2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА 132 МЫҢ ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН 154 МЕКТЕП САЛЫНДЫ – ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА 132 МЫҢ ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН 154 МЕКТЕП САЛЫНДЫ – ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі апатты жағдайдағы, үш ауысымдағы мектептердің мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2023-2024 оқу жылында 132 мың орындық 154 жаңа мектепті іске қосу жоспарлануда.1 қыркүйекке дейін 194 орта білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, 65,6 мың орындық 52 мектеп пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін 66,4 мың орындық тағы 102 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектеп мәселесін шешеді.Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру басталды, оның аясында 740 мың оқушы орынға арналған 369 мектеп салу жоспарлануда.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін жабдықтау, мектеп жиһаздарын, кітапханаларды, асханаларды жаңарту, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 1000 пәндік кабинет ашу жоспарлануда, қосымша 749 пәндік кабинет сатып алынады.Айта кетеміз, мемлекет жыл сайын мектептерді салу мен жаңғыртуға қаржы бөледі. Тек соңғы үш жылда 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ