2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиада қорытындысы бойынша ең үздік ауыл мектептері

2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиада қорытындысы бойынша ең үздік ауыл мектептері

2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беру пәндері бойынша оқушылар арасындағы ресубликалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 590 білім беру ұйымынан 1636 оқушы қатысты. Оның ішінде 191 оқушы ауыл мектептерінен, олар жалпы қатысушылардың 11,6% құрайды және бұл өткен жылымен салыстырғанда, 2%-ға көп.

2023-2024 оқу жылында ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысушылар қатарына қосылды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды, бұл ауыл мектептерінен келген қатысушылардың көрсеткіш сапасының 24 пайызын құрады. Нәтижесінде республикадағы ең үздік 14 ауыл мектебінің тізімі жасалды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ