2023 жылдың басынан бері Оқу-ағарту министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, Білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол карталарын қабылдады.

2023 жылдың басынан бері Оқу-ағарту министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, Білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол карталарын қабылдады.

Бірлескен құжат түйткілді мәселелерді мақсатты түрде шешуге және өңірдегі білім беру жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған.

Министрліктің аппарат отырысында облыстық білім басқармаларының басшылары жыл басынан бері бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндады.

Астана қаласында:• осы жылдың қыркүйек айынан бастап 97 мектепте 95 576 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді;• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;•2023-2027 жылдар аралығында 217 мың орынға арналған 88 мектеп салу жоспарлануда;• қалада 470 мың балаға арналған 8 ПМПК жұмыс жасауда;• 7 575 педагог пен 52 мектеп директоры біліктілікті арттыру курстарынан өтті;•осы жылы 62 мектепке 143 пәндік кабинет сатып алынды;• елорда мектептері 100% электронды оқулықтармен қамтамасыз етілді;• барылық білім ошақтарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілді.Алматы қаласында:• осы жылдың қыркүйегінен бастап 133 мың оқушы тегін тамақпен қамтылды;• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;• 2025 жылға дейін 37 100 орындық 22 мектеп салу жоспарлануда;• 4 065 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті;• 2023 жылы 165 пәндік кабинет жаңғыртылды;•18 жыл қатарынан қаланың құрама командасы «Үздік олимпиадалық команда» атағын растауда;• 198 мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған инклюзивті білім беру жүзеге асырылады;• 100 мектеп автобусы сатып алынды;• ТжКБ -де мемлекеттік тапсырыс 16 500 орынға ұлғайтылды.Шымкент қаласында:• осы жылы 133 758 оқушы ыстық тамақпен қамтылды;• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;• 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектеп салу жоспарлануда;• мемлекеттік мектептер цифрлық оқулықтармен 100% қамтамасыз етілді;• 8 266 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті;• ТжКБ -де мемлекеттік тапсырыс 9 000 орынға ұлғайтылды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ