2023 жылдың басынан бері Оқу-ағарту министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, Білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол карталарын қабылдады. Бірлескен құжат түйткілді мәселелерді нақты шешуге және өңірдегі білім беру жүйесін одан әрі

2023 жылдың басынан бері Оқу-ағарту министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, Білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол карталарын қабылдады. Бірлескен құжат түйткілді мәселелерді нақты шешуге және өңірдегі білім беру жүйесін одан әрі

Министрліктің аппарат отырысында облыстық білім басқармаларының басшылары жыл басынан бері бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті.

Қостанай облысында:• осы жылдың қыркүйек айынан бастап 49 мың оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді;• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары  100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;• 2025 жылға дейін 10,5 мың орындық 9 мектеп салу жоспарлануда;• 2023 жылы құны 170,7 миллион теңге болатын 34 пәндік кабинет сатып алынды;• инклюзияны қолдау үшін 4 жаңа кабинет ашылды; • облыс PIRLS халықаралық зерттеуінде 2-ші орынға, PISA-2022 зерттеуінде оқу сауаттылығы бойынша 1-ші орынға ие болды;• 2023 жылы 30 жаңа мектеп автобусы сатып алынды;• барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілді;• отбасы және мектептің тиімді қарым-қатынасын арттыруға бағытталған «Үндестік» өңірлік жобасы іске асырылуда.

Солтүстік Қазақстан облысында:• Барлығы 37 247 оқушы, соның ішінде 35 035 бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді;• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары  100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді; • 2025 жылға дейін “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 2 700 орындық 4 мектеп салу жоспарлануда ; • 5 577 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті;• 2023 жылы 55 пәндік кабинет;• 29 жаңа мектеп автобусы сатып алынды; • ТжКБ -де мемлекеттік тапсырыстың қамтылуы 3 667 орынға ұлғайтылды.

Павлодар облысында:• осы жылдың қыркүйек айынан бастап 47 747 бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді;• облыстан шалғай орналасқан елдімекендерде 3 мектеп ашылды;• 54 ауыл мектебі жаңғыртудан өтті;• химия, физика, биология, STEM және робототехникаға арналған 46 заманауи пәндік кабинет сатып алынды;• апатты мектептердің мәселесі толығымен шешілді;• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары  100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;• 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдардағы орындармен қамтамасыз ету 93%-ды құрады;• балабақшалардағы 6 521 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған;•“Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 5 400 орындық 5 мектеп салу жоспарлануда; • мемлекеттік мектептер цифрлық оқулықтармен 100% қамтамасыз етілген;• 69,5 % мектепте интернет жылдамдығы екі есеге арттырылды;• ТжКБ -де мемлекеттік тапсырыстың қамтылуы 5 705 орынға ұлғайтылды;• колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы 98,6%-ға жетті.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ