Бірлескен құжат түйткілді мәселелерді мақсатты түрде шешуге және өңірдегі білім беру жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған. Министрліктің аппарат отырысында облыстық білім басқармаларының басшылары жыл басынан бері бірлесе атқарылған жұмыстарының нәтижелерін ортаға салды. Сонымен, Ақтөбе облысында: • осы жылдың қыркүйек айынан бастап 1-4 сыныптың 100% немесе 86 мыңнан астам оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылды;• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;• жыл аяғына дейін 1090 орындық 6 жаңа мектеп пайдалануға беріледі;• «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 14 мектептің құрылысы басталды;• ағымдағы жылы 3144 орынға арналған 43 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Балаларды қамту көрсеткіші 93,1%-ды құрады;• ағымдағы жылы 177 балабақшаның материалдық-техникалық базасы жаңартылды;• республикалық қаржы есебінен 170 ауыл мектебі жаңғыртылды;• 2025 жылға дейін 24 390 оқушы орнына арналған 44 жаңа мектепті, соның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 620 орынға арналған 3 мектепті салу жоспарланып отыр;• ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен цифрлық технологияларды қолдана отырып, «Шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда;• 7602 педагог «Өрлеу» біліктілікті арттыру тегін курстарынан өтті;• 14 педагог «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервіне алынды;• ТжКБ-де мемлекеттік тапсырыстың қамтылуы 7 мыңға жуық орынға артты. Атырау облысында:• осы жылдың қыркүйек айынан бастап 1-4 сыныптың 100% немесе 58 мыңнан астам оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылды;• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;• 11 650 орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді, қосымша тағы 5 жаңа мектептің құрылысы басталды. 2027 жылға дейін 20 мың орынға арналған 27 мектепті іске қосу жоспарлануда;• осы жылы 2520 орындық 9 мектепке дейінгі ұйымды ашу жоспарланып отыр;• 1 ПМПК, 3 инклюзивті қолдау кабинеті, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды;• шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тасымалдау үшін мектеп автопаркі 23 жаңа автобуспен толықты;• 34 заманауи пәндік кабинет сатып алынды;• 6734 педагог «Өрлеу» біліктілікті арттыру тегін курстарынан өтті;• үздік кадрларды тарту бойынша өңірлік жоба аясында 10 педагог қызметтік пәтерлерге ие болды;• ТжКБ-де мемлекеттік тапсырыстың қамтылуы 6,5 мың орынға артты.
2023 жылдың басынан бері Оқу-ағарту министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік Жол картасын әзірледі.
547
0
0
29.11.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ