2023 ЖЫЛЫ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ 50 МЫҢ ҚОСЫМША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ БӨЛІНЕДІ

2023 ЖЫЛЫ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ 50 МЫҢ ҚОСЫМША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ БӨЛІНЕДІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің хабарлауынша, жаңа оқу жылынан бастап сұранысқа ие мамандықтарға қатысты тегін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мемлекеттік тапсырысты республика бюджетінен 50 мың орынға көбейту жоспарланған. Осылай, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар саны 130 мың адамға жетеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биыл техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс 50% -ға, 2025 жылға дейін 70% -ға ұлғайтылды. Бүгінгі таңда 52 мыңнан астам студент электротехника және энергетика, электроника және автоматтандыру, механика және металл өңдеу, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану секілді бағыттарды таңдады», - деді Департамент директоры Ернат Жүнісов.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бастап жұмыспен қамтитын кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Мәселен, өткен жылы кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент қабылданды. Биыл тағы қосымша 10 мың студент қабылдау жоспарланған. Жалпы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер шәкіртақы, тамақ және жол ақысымен қамтылған.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ