МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

Айтылды: «Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет».

«ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2022 жыл 1 қыркүйек Орындалды: - 2022 жылы 38,9 мың орынға арналған 458 балабақша ашылды - 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 89,4% - Жыл басталғалы жеті өңірде 7 678 орындық 84 жеке меншік балабақша ашылды - Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2023-2025 жылдарға арналған жеке мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты арттыру және жұмыс істеп тұрған ұйымдарды кеңейту арқылы жаңа орындар ашудың кезең-кезеңмен жүзеге асатын жоспары дайындалды - 2023 жылы мемлекеттік тапсырыс негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда орын саны 80 954 көбейеді

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ