АЙТЫЛДЫ-ОРЫНДАЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ

АЙТЫЛДЫ-ОРЫНДАЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ

01.09.2021 жыл

❗ АЙТЫЛДЫ:

«Дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз. Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн».

✅  ОРЫНДАЛДЫ:

🔺 Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында

-        алтын медаль иегерлеріне 1 500 АЕК,

-        күміс медаль иегерлеріне 1 000 АЕК,

-        қола жүлдегерлеріне 500 АЕК көлемінде біржолғы ақшалай сыйлық беріледі.

🔺 Халықаралық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстанның жоғары оқу орындарында ҰБТ тапсырмай-ақ тегін білім алу құқығына ие болады

🔺  Халықаралық олимпиадада алтын медаль иегерін дайындаған ұстаз 150 АЕК,  күміс медаль – 100 АЕК, қола медаль – 50 АЕК көлемінде сыйақы алады

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ