01.09.2021 жыл
❗ АЙТЫЛДЫ:
Ғылым мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге:
- жетекші ғалымдардың еңбекақысын базалық қаржыландыруға енгізуді;
- іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыруды;
- гранттық қаржыландыру мерзімін 5 жылға дейін ұлғайтуды;
- Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдеріне қатысты апелляция институтын құруды қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
✅ ОРЫНДАЛДЫ:
- 2021 жылдың 15 қарашасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды;
- жетекші ғалымдардың еңбекақысы базалық қаржыландыруға енгізілді;
- іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру үшін ғылымды қаржыландырудың жаңа түрі енгізілд;
- ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін ұзарды;
- Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдеріне қатысты апелляция институты енгізілді;
- ғылыми тағылымдамадан өту үшін нормативтік-құқықтық база қарастырылды.
Бұл өзгерістер:
- 1600-ден астам ғалымды тұрақты және лайықты жалақымен қамтамасыз етуге;
- іргелі зерттеулермен айналысатын, әсіресе әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарына мықты ғалымдар мен болашағы зор жастарды тартуға;
- ғылыми мектептерді құруға және оларды дамытуға;
- ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға;
- Ұлттық ғылыми кеңес шешімдерінің әділдігін қамтамасыз етуге;
- Отандық ғалымдардың ғылыми әлеуеті мен құзыретін арттыруға ықпал етеді.