АЙТЫЛДЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ

АЙТЫЛДЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ

❗️АЙТЫЛДЫ: 

«Білім беру жүйесіне ынталы және білікті мұғалімдер қажет. Менің ойымша, мұғалімдерді қайта даярлау қазіргідей бес жылда емес, үш жылда бір рет жүргізілуі керек. Бұл ретте мұғалімдердің өз қаражаты есебінен курстан өтуіне жол бермеу керек.

 

✅ ОРЫНДАЛДЫ:

🔺 Заңға түзетулер енгізіліп, біліктілікті арттыру курстарының жиілігі өзгертілді. Мұғалімдер үш жылда бір рет курстардан өтеді.

🔺 Біліктілікті арттыру жүйесі қайта жүктеліп жатыр. Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы қағидасы енгізіліп жатыр.

Қазақ және орыс тілдерінде мұғалімдерге арналған 12 негізгі пән бойынша 44 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді. Бағдарламалар білім алушылардың академиялық үлгерімін арттыруға бағытталған.

🔺 2022 жылғы 1 тамыздан бастап осы бағдарламалар бойынша оқыту басталды. 18 қарашаға дейін 48 500 педагог біліктілігін арттырады.

🔺 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әзірленген 8 білім беру бағдарламасы балалардың ойын әрекетіне және үйлесімді дамуына бағытталған. Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған білім беру бағдарламалары тәжірибеге бағытталған тәсілді ескере отырып жаңартылды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ