ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІНЕ 730 ОҚУШЫ ҚАТЫСАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІНЕ 730 ОҚУШЫ ҚАТЫСАДЫ

2023 жылғы 18-21 сәуірде республикамыздың үш қаласы және 17 аймағында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 9 пән бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі болады. Интеллектуалды сайыс классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде екі турда өткізіледі. Олимпиада қашықтық форматында жүргізіледі.

Конкурстың ашықтығын және академиялық адалдықты сақтау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында тікелей эфир жүргізіледі. Сондай-ақ, олимпиаданы өткізу және қадағалау мақсатында аймақтарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жауапты қызметкерлері жіберілді.

Олимпиаданың қорытындысы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында жарияланады.

Айта кетсек, «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өткізілген олимпиаданың мектептік кезеңіне 282 000 астам оқушы қатысқан. Қорытынды кезеңіне 730 оқушы өтті. Барлығы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 9 пән бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 25 команда қатысады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ