Ақтөбе облысында өткен республикалық семинарда шағын жинақты мектептердің дамуы талқыланды

Ақтөбе облысында өткен республикалық семинарда шағын жинақты мектептердің дамуы талқыланды

Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Шағын жинақты мектептерде сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңеске қатысты.

Семинарға қатысушылар шағын жинақты мектептердің қазіргі жағдайы мен даму келешегін, шағын жинақты мектеп білім алушыларының білім сапасын, мектептерді заманауи оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету қажеттілігін және ауыл педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруды талқылады.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева өз баяндамасында халықаралық және ұлттық зерттеулердің нәтижелері, ағымдағы статистика ауылдық шағын жинақты мектептермен жұмыс істеуде кешенді тәсілді әзірлеуді талап ететінін атап өтті.

Сондай-ақ, семинар аясында оқушылардың тұрғылықты жеріне қарамастан білім алуда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді көздейтін «БІЛІМ ALL» өңірлік жобасы ұсынылды. Жобаның ғылыми-әдістемелік негіздері Алтынсарин Академиясының ғалымдарымен бірлесіп қалыптастырылады.

Оқу-ағарту министрі Ақтөбе облысының орта білім беру жүйесін дамыту жөніндегі тәжірибесін жоғары бағалады, сондай-ақ жоба қалалық және ауылдық мектептер арасындағы орта білім беру сапасындағы алшақтықты жоюға, ауылдық жерлерде білікті педагог кадрлардың тапшылығы мәселесін шешуге және ауылдық мектептерде білім беру сапасын арттыруға қабілетті екеніне сенім білдірді.

Семинарды қорытындылай келе Ғани Бейсембаев Ақтөбе облысын Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекшілігімен ауылдық мектептерді дамытудың базалық орталығына айналдыруды ұсынды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ