Ақтөбелік оқушылар «Робот-лаборант» ойлап тапты

Ақтөбелік оқушылар «Робот-лаборант» ойлап тапты

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «100 жаңа есім – 100 новых лиц» айдарын жалғастырады. Бұл шығарылымда Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №3 орта мектебінің 9-сынып оқушылары Арсен Сисенбай мен Айдарбек Мирас жасаған «Робот-лаборант» жобасын таныстырамыз.

Жас өнертапқыштар құрылғыны C++ бағдарламалау тілін және Arduino микроконтроллерін қолдана отырып, жасады. Роботты смартфон арқылы басқару үшін RemoteXY платформасын пайдаланған, ал схемалар Tinkercad көмегімен жасалды.

«Робот-лаборант» оқу процесіне көмектесіп жүр: робототехника сабақтары үшін қандай бөлшектер қажет екенін айтады, сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін ескертеді. Бұл құрылғы физика мен информатика сабақтарында зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізуді жеңілдетіп, оқу үдерісін көрнекі әрі тиімді етеді.

«Сыныптастарымыз робототехника мен бағдарламалауға көп қызығушылық таныта бастады. Бұл робот мұғалімдерге зертханалық жұмыстарды ұйымдастыруды жеңілдетеді және оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын арттырады, инженерлік мамандықтарға деген қызығушылықты күшейтеді», — дейді жоба авторлары.

Жас өнертапқыштар жобаны әрі қарай жетілдіріп, болашақта оқу үдерісін автоматтандыруға үлес қоссақ дейді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ

Пікірлер0

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз Тіркелу