Асхат Аймағамбетов Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 50 жылдығымен құттықтады

Асхат Аймағамбетов Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 50 жылдығымен құттықтады
Бүгін Республикалық физика-математика мектебіне 50 жыл толды. Жарты ғасыр ішінде РФММ елдегі ең танымал білім ордасының біріне айналып үлгерді.   Мектепте 50 жыл ішінде 11 мыңға жуық адам білім алды. Бүгінгі таңда РФММ-нің түлектері - үздік мұғалімдер, ғалымдар, инженерлер, IT мамандары, экологтар, экономистер және т.б.   Алғашқы физика-математика мектебі Алматы қаласында ашылған болатын. 2016 жылы мектептің Астана қаласында филиалы іске қосылды. Бүгінгі күні 3 мыңнан астам бала оқып жатыр.   Жыл сайын РФММ-нің оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындардан көрініп келеді. Биылдың өзінде оқушылар физика, математика, информатика және лингвистика бойынша ең беделді пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.   Білім берудегі заманауи тенденцияларды қолдану және ең жақсы дәстүрлерімізді сақтау РФММ-нің басты ерекшелігіне айналды.   Мектеп әлемнің STEM мектептерінің консорциумына, еуропалық Science on stage ұйымына қосылып, AР бағдарламасы, Alpharabius сияқты жаңа жобаларды әзірлейді және сингапурлық математиканы енгізіп, отандық және халықаралық университеттермен ынтымақтастықты нығайтып жатыр.   РФММ жыл сайын әлемнің 20-дан астам елінің оқушылары қатысатын халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізеді.   РФММ-де Apple, SAT, Яндекс лицейінің сертификатталған мамандары жұмыс істейді. Әрине мектеп түлектерін Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге шетелде де, соның ішінде Google, Amazone, Facebook сияқты ірі компанияларда, әлемге әйгілі MIT, Yale университеттерінде және т.б. компанияларда кездестіруге болады.   Сіздерді 50 жылдық мерейтоймен құттықтаймын! Еліміздегі ең танымал мектеп желісі одан әрі дамып, білімді, білікті түлектердің қатары көбейе берсін!   https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/pfbid0uBgTN6S78fzQuhJQCHFo46koe36eC5UBfrDtRKa6u3ToDmwvHWR9MGE8tYYexYeUl 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ