Асхат Аймағамбетовтің Nur.kz порталына берген сұхбатынан

Асхат Аймағамбетовтің Nur.kz порталына берген сұхбатынан

Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады. Әдістеме тұрғысынан алып қарағанда, бұл – дұрыс бағыт. Мұндай зерттеулер мен ұсыныстар бұрын да болған, сол себепті оны енгізуді жоспарлап отырмыз.

https://www.nur.kz/society/1972707-aymagambetov-vyskazalsya-o-kritike-v-adres-mon-i-rasskazal-ob-izmeneniyah-v-shkolnoy-programme/ 

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ