Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова мектеп оқулықтарының тапшылығына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оқулықтар есептелген контингентке сатылып алынады. Алматыда 244 мың оқушы бар. Биыл оқушылар саны тағы 17 мыңға артты. Біз мұны алдын ала жоспарлай алмаймыз. Яғни, балалардың кейбіріне жетпеуі мүмкін. Онда ата-аналар өздері сатып алуы керек. Бір жағынан олардың да жауапкершілігі болуы тиіс. 1-2 кітап сатып алса, ештеңе етпейді»,- деді Басқарма басшысы. Оның айтуынша, жылда Алматыдағы оқушылар саны 10 пайызға артады деген болжаммен есеп жүргізіледі. Биылдың өзінде оқушылардың саны 261 013 жетті. Тағы да 30 мыңға жуық оқушы орны тапшы болып отыр.
Толығырақ: inform.kz