Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталады

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталады

2022 жылдың 1 сәуірінде 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталып, биылдың 1 тамызына дейін жалғасады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, 1-сыныпқа 6 жасқа толған балалар, сондай-ақ күнтізбелік жылда алты жасқа толған балалар қабылданады. Ол үшін баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші, сондай-ақ баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 және 065/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат, сондай-ақ оқушының өлшемі 3х4 болатын екі фотосуреті қажет.

Өңірлердегі білім басқармалары әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы ата-аналар арасында балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Биыл 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтіліп отыр.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ