Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттыруды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы мұғалімдердің тамыз конференциясында айтты. 
 

"Мұғалімдердің жалақысы төмен және экономика бойынша орташа жалақының 65 пайызын құрайды. Үкіметке мұғалімдердің жалақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырамын", - деп тапсырды Президент. 

Айта кетейік, ұстаздардың биылғы алқалы жиынына алғаш рет Мемлекет басшысы қатысады. Жылда жер-жерден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2000-нан асады. 

Толығырақ: tengrinews.kz