«Қазақстанның үздік оқушысы (I-тоқсан)» республикалық байқауы   

«Қазақстанның үздік оқушысы (I-тоқсан)» республикалық байқауы   

«Қазақстанның үздік оқушысы (I-тоқсан)» республикалық байқауы
  
Өту мерзімі: 27.09.2021 – 29.10.2021

Бас жүлделер:
І тоқсанның қорытындысы бойынша Байқау рейтингінің жеңімпазына Apple iPhone 11 смартфоны табысталады.

1. Байқаудың жалпы ережесі:
Атауы – «Қазақстанның үздік оқушысы» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы (бұдан әрі – Байқау).
Байқау Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаты:

Оқушылардың оқуға және академиялық ортаға қызығушылығын ынталандыру; 
Оқуда компьютерлік технологиялар мен құрылғыларды (гаджеттерді) пайдалануды ынталандыру.  

3. Байқауға қатысушылар:
Байқауға Қазақстан Республикасы мектептерінің дәстүрлі оқыту форматында цифрлық технология құралы ретінде www.onlinemektep.org платформасын қолданатын оқушылары қатыса алады! 
Байқауға қатысу барлық қатысушы үшін ТЕГІН.
Ұйымдастырушылармен ортақ үлесі бар тұлғалар Байқауға қатыса алмайды.
 
4. Байқауды өткізу форматы мен тәртібі:
4.1. Қатысушылар оқу жылы ішінде дәстүрлі оқыту форматында цифрлық технология құралы ретінде www.onlinemektep.org платформасын белсенді пайдаланып, Bilimbonus-тар жинауы қажет;

4.2. Оқушылар қосымша BilimBonus алу үшін Байқауға қатысу формасын толтырып, www.onlinemektep.org платформаcында және BilimLand экожүйесінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында апта сайын жарияланатын тапсырмаларды орындауы қажет. 


5. Жеңімпаздарды анықтау:
5.1. Online Мektep платформасында (www.onlinemektep.org) ең көп BilimBonus жинаған оқушы жеңімпаз атанады. BilimBonus-тар әрбір оқу тоқсанының соңында есептеледі.

5.2. Жеңімпаздарды ресми марапаттау байқау ұйымдастырушыларының қатысуымен өтеді.

5.3. І тоқсанның қорытындысы бойынша республикалық рейтингінің жеңімпазына Apple iPhone 11 смартфоны беріледі.

5.4. Оқушылар BilimBonus-ты келесі әрекеттері үшін алатынын естеріңізге сала кетеміз: 
OnlineМektep платформасындағы сабақтан өтті;
OnlineМektep платформасында үй тапсырмасын орындады; 
OnlineМektep платформасында БЖБ орындады;
OnlineМektep платформасында ТЖБ орындады.

 5.5. Оқушы төмендегідей қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін де BilimBonus ала алады:
TikTok әлеуметтік желісінде түпнұсқа дыбысқа видео жазып, Bilimland-тың TikTok аккаунтын белгілеу – 20 балл. Түпнұсқа дыбыс (әуен) Bilimland-тың TikTok аккаунтында қолжетімді;
Instagram әлеуметтік желісіндегі өз аккаунтының Stories-інде Байқау туралы жарияланымға репост жасап, Bilimland.kz аккаунтын белгілеу – 10 балл;
Әлеуметтік желілерде Bilimland аккаунтының арнайы жарияланымдарында белсенділік таныту (репост жасау, пікір қалдыру, жазылу) – 10 балл;
Әлеуметтік желілердегі өз аккаунттарында Bilimshop.kz интернет-дүкенінің өнімдерін пайдаланудағы өзінің жеке тәжірибесі туралы посттар жариялау – 10 балл.
 
6. Жеңімпаздарды марапаттау:
6.1. Байқау нәтижелері 2021 жылы 1 қарашада BilimLand экожүйесінің барлық ресми парақшасында жарияланады.
 
7. Байқаудың ұйымдастырушылары мен демеушілері

7.1. Байқаудың бас ұйымдастырушысы – «BilimLand» компаниясы.