«Қазақстанның үздік оқушысы(II-тоқсан)» республикалық байқауы

«Қазақстанның үздік оқушысы(II-тоқсан)» республикалық байқауы

«Қазақстанның үздік оқушысы(II-тоқсан)» республикалық байқауы

Өту мерзімі: 11.11.2021 – 29.12.2021

Бас жүлделер:

  • I тоқсанның қорытындысы бойынша республикалық рейтинг жеңімпазына Apple iPhone 11 смартфоны табысталады.

  • Үздік 10 оқушыға электронды сертификат және сыйлық беріледі.

1. Байқаудың жалпы ережесі:

  1. Атауы – «Қазақстанның үздік оқушысы» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы (бұдан әрі – Байқау).

  2. Байқау Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаты:

  • Оқушылардың оқуға және академиялық ортаға қызығушылығын ынталандыру; 
  • Оқуда компьютерлік технологиялар мен құрылғыларды (гаджеттерді) пайдалануды ынталандыру.  

3.   Байқауға қатысушылар:

  • Байқауға Қазақстан Республикасы мектептерінің дәстүрлі оқыту форматында цифрлық технология құралы ретінде www.onlinemektep.org платформасын қолданатын оқушылары қатыса алады! 
  • Байқауға қатысу барлық қатысушы үшін ТЕГІН.
  • Ұйымдастырушылармен ортақ үлесі бар тұлғалар Байқауға қатыса алмайды. 

4. Байқауды өткізу форматы мен тәртібі:

4.1. Қатысушылар оқу жылы ішінде дәстүрлі оқыту форматында цифрлық технология құралы ретінде www.onlinemektep.org платформасын белсенді пайдаланып, Bilimbonus-тар жинауы қажет;

 5. Жеңімпаздарды анықтау:

5.1. Online Мektep платформасында (www.onlinemektep.org) ең көп BilimBonus жинаған оқушы жеңімпаз атанады. BilimBonus-тар әрбір оқу тоқсанының соңында есептеледі.

5.2. Жеңімпаздарды ресми марапаттау байқау ұйымдастырушыларының қатысуымен өтеді.

5.3. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша республикалық рейтинг жеңімпазына Apple iPhone 11 смартфоны беріледі.

5.4. Оқушылар BilimBonus-ты келесі әрекеттері үшін алатынын естеріңізге сала кетеміз: 

  • OnlineМektep платформасындағы сабақтан өтті;
  • OnlineМektep платформасында үй тапсырмасын орындады; 
  • OnlineМektep платформасында БЖБ орындады;
  • OnlineМektep платформасында ТЖБ орындады. 

6. Жеңімпаздарды марапаттау:

  • Байқау нәтижелері 2021 жылы 29 желтоқсанында BilimLand экожүйесінің барлық ресми парақшасында  жарияланады.

7. Байқаудың ұйымдастырушылары мен демеушілері

7.1. Байқаудың бас ұйымдастырушысы – «BilimLand» компаниясы.