«Қазақстанның үздік педагогі (IІ-тоқсан)» республикалық байқауы

«Қазақстанның үздік педагогі (IІ-тоқсан)»  республикалық байқауы

«Қазақстанның үздік педагогі (IІ-тоқсан)» республикалық байқауы

Өткізу мерзімі: 08.11.2021 – 29.12.2021

Жүлде қоры - 15 000 000 теңге

  • Байқау нәтижесі бойынша ҚР 15 аймағы бойынша жеңімпаздарға

1 орын иегеріне - 500 000 теңге

2 орын иегеріне - 300 000 теңге

3 орын иегеріне - 200 000 теңге табысталады.

  • 11 000 және одан көп BilimBonus жинаған қатысушыға байқауда көрсеткен белсенділігі үшін электронды сертификат беріледі.

15 аймақ тізімі: 

 

Нұр-Сұлтан қаласы

Алматы қаласы

Шымкент қаласы

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Батыс Қазақстан облысы

Қызылорда облысы

Қостанай облысы

Маңғыстау облысы

Түркістан облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысы

1. Байқаудың жалпы ережесі:

  1. Атауы – «Қазақстанның үздік педагогі (II-тоқсан)» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы (бұдан әрі – Байқау).

  2. Байқау Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаты:

  • Белсенді педагогтерді инновациялық-әдістемелік тұрғыдан қолдау;

  • Мұғалімге сапалы мазмұн мен цифрлық құралдарды қолдана отырып, шығармашылық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беру;  

  • Педагогке баланың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуға көмектесу.

3. Байқауға қатысушылар:

  • Байқауға Қазақстан Республикасы мектептерінің дәстүрлі оқыту форматында цифрлық технология құралы ретінде www.onlinemektep.org платформасын қолданатын мұғалімдері қатыса алады!

  • Байқауға қатысу барлық қатысушы үшін ТЕГІН.

  • Ұйымдастырушылармен ортақ үлесі бар тұлғалар Байқауға қатыса алмайды.

4. Байқау шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең 11.11.2021 - 24.12.2021 аралығында өтеді.

Бірінші кезеңде қатысушы:

 

4.1. Қатысушы Байқауға қатысуы үшін дәстүрлі оқыту форматында цифрлық технология құралы ретінде www.onlinemektep.org платформасын белсенді пайдаланып, Bilimbonus-тар жинауы қажет;

4.2. Қатысушы өзі жайлы анкетаны толтырып, konkurs@bilimland.com электрондық поштасына жіберу керек. Анкетаға ТАӘ, өзі тұратын облыс, қала, ауданды жазып, жұмыс істейтін мектебі мен телефон номерін жазу қажет. 

4.3. Қатысушы 2021 жылдың 24 желтоқсан күні Нұр-Султан қаласының 23:59 уақытына дейін ІІ тоқсан бойынша 11 000 және одан көп BilimBonus жинаса, екінші кезеңге өтеді.

 

Екінші кезең 28.12.2021 - 29.12.2021 күндері өтеді.

4.4. Екінші кезеңде қатысушы цифрлық сауаттылық бойынша тестілеуден өтеді. 

4.5. Екінші кезеңге өткен, яғни 11 000 және одан көп BilimBonus жинаған қатысушыға байқауда көрсеткен белсенділігі үшін электронды сертификат беріледі.  

 

Мұғалімдер BilimBonus-тарды қалай жинайды?

  • Оқушы Қарапайым сабақты орындады;

  • Мұғалім Қарапайым сабаққа баға қойды;

  • Оқушы интерактивті сабақты өтті;

  • Оқушы OnlineMektep сабағын орындады;

  • Оқушы үй тапсырмасын орындады;

  • Мұғалім үй тапсырмасына баға қойды;

  • БЖБ орындады;

  • Мұғалім БЖБ үшін баға қойды;

  • ТЖБ орындады;

  • Мұғалім ТЖБ үшін баға қойды.

 

Мұғалімдер сондай-ақ келесі әрекеттер үшін де қосымша BilimBonus алады:

  • Мұғалім өзінің БЖБ/ТЖБ әзірледі;

  • Мұғалім өзінің интерактивті сабағын жасады;

  • Мұғалім белсенді мұғалімдер рейтингінде медаль алды;

  • Мұғалім «Үздік БЖБ/ТЖБ» байқауында Диплом алды;

  • Мұғалім «Үздік БЖБ/ТЖБ» байқауында Сертификат алды;

  • Мұғалім «Жаңашыл мұғалім» байқауында Диплом алды;

  • Мұғалім «Жаңашыл мұғалім» байқауында Сертификат алды.

  •  

Қосымша BilimBonus алудың жаңа мүмкіндіктері:

  • BilimUstaz платформасында курстардан өту – 100 балл;

  • BilimUstaz платформасында тегін сертификаттаудан өту – 100 балл;

  • BilimUstaz.kz платформасында ақылы сертификаттаудан өту – 250 балл;

  • Bilimcenter.kz платформасында «Функционалдық сауаттылық» курсынан өту – 250 балл.

5. Жеңімпаздарды анықтау:

Байқау жеңімпазы екінші кезең нәтижесі бойынша анықталады. Екінші кезеңде әр аймақ бойынша тестілеуде ең жоғары ұпай жинаған  3 қатысушы жеңімпаз атанады.

*** Бірдей ұпай жинаған жағдайда, тестілеуден өту уақыты ескеріледі.

6. Жеңімпаздарды марапаттау:

  • Байқау нәтижелері 2021 жылы 30 желтоқсанында BilimLand экожүйесінің барлық ресми парақшасында  жарияланады.

7. Организаторы и спонсоры Конкурса

  • Байқаудың бас ұйымдастырушысы – «BilimLand» компаниясы.