«Қазақстанның үздік педагогі(I-тоқсан)» республикалық байқауы  

«Қазақстанның үздік педагогі(I-тоқсан)» республикалық байқауы  

«Қазақстанның үздік педагогі(I-тоқсан)» республикалық байқауы  
Өткізу мерзімі: 27.09.2021 – 29.10.2021

Бас жүлде
І тоқсанның қорытындысы бойынша республикалық рейтинг жеңімпазына BilimBook ноутбук-трансформері табысталады.

1. Байқаудың жалпы ережесі:
1. Атауы – «Қазақстанның үздік педагогі(1-тоқсан)» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы (бұдан әрі – Байқау).
2. Байқау Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаты:
Белсенді педагогтерді инновациялық-әдістемелік тұрғыдан қолдау;
Мұғалімге сапалы мазмұн мен цифрлық құралдарды қолдана отырып, шығармашылық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беру; 
Педагогке баланың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуға көмектесу.

3. Байқауға қатысушылар:
Байқауға Қазақстан Республикасы мектептерінің дәстүрлі оқыту форматында цифрлық технология құралы ретінде www.onlinemektep.org платформасын қолданатын мұғалімдері қатыса алады! 
Байқауға қатысу барлық қатысушы үшін ТЕГІН.
Ұйымдастырушылармен ортақ үлесі бар тұлғалар Байқауға қатыса алмайды.
 
4. Байқауды өткізу форматы мен тәртібі:
4.1. Мұғалімдер Байқауға қатысуы үшін дәстүрлі оқыту форматында цифрлық технология құралы ретінде www.onlinemektep.org платформасын белсенді пайдаланып, Bilimbonus-тар жинауы қажет;
4.2. Қосымша BilimBonus алу үшін педагогтерге жеке кабинетте Байқауға қатысу формасын толтырып, www.onlinemektep.org сайтында және «Bilim Land» компаниясының әлеуметтік желілердегі парақшаларында ай сайын жарияланатын тапсырмаларды орындауы қажет. 

5. Жеңімпаздарды анықтау:
 І тоқсанның қорытындысы бойынша республикалық рейтинг жеңімпазына BilimBook ноутбук-трансформері беріледі.
Мұғалімдер BilimBonus-тарды келесі әрекеттер үшін алатындығын естеріңізге саламыз: 
Оқушы Қарапайым сабақты орындады;
Мұғалім Қарапайым сабаққа баға қойды;
Оқушы интерактивті сабақты өтті;
Оқушы OnlineMektep сабағын орындады;
Оқушы үй тапсырмасын орындады;
Мұғалім үй тапсырмасына баға қойды;
БЖБ орындады;
Мұғалім БЖБ үшін баға қойды;;
ТЖБ орындады;
Мұғалім ТЖБ үшін баға қойды. 
 
Мұғалімдер сондай-ақ келесі әрекеттер үшін де қосымша BilimBonus алады:
Мұғалім өзінің БЖБ/ТЖБ әзірледі;
Мұғалім өзінің интерактивті сабағын жасады;
Мұғалім белсенді мұғалімдер рейтингінде медаль алды;
Мұғалім «Үздік БЖБ/ТЖБ» байқауында Диплом алды;
Мұғалім «Үздік БЖБ/ТЖБ» байқауында Сертификат алды;
Мұғалім «Жаңашыл мұғалім» байқауында Диплом алды;
Мұғалім «Жаңашыл мұғалім» байқауында Сертификат алды.
 
BilimBonus алудың жаңа мүмкіндіктері:
BilimUstaz платформасында курстардан өту – 100 балл;
BilimUstaz платформасында тегін сертификаттаудан өту – 100 балл;
BilimUstaz.kz платформасында ақылы сертификаттаудан өту – 250 балл;
Bilimcenter.kz платформасында «Функционалдық сауаттылық» курсынан өту – 250 балл;
Әлеуметтік желілерде Bilimland аккаунтының арнайы жарияланымдарында белсенділік таныту (репост жасау, пікір қалдыру, жазылу) – 100 балл;
Әлеуметтік желілердегі өз аккаунттарында Bilimshop.kz интернет-дүкенінің өнімдерін пайдаланудағы өзінің жеке тәжірибесі туралы посттар жариялау – 100 балл;
Bilimtutor.kz платформасындағы репетиторлық – 100 ұпай.
 


6. Жеңімпаздарды марапаттау:

Байқау нәтижелері 2021 жылы 1 қарашада BilimLand экожүйесінің барлық ресми парақшасында  жарияланады.
 
7. Байқаудың ұйымдастырушылары мен демеушілері

Байқаудың бас ұйымдастырушысы – «BilimLand» компаниясы.