«BALA QORGAU» САЙТЫНА ЖЫЛ БАСЫНАН 70-ТЕН АСА ӨТІНІШ ТҮСТІ

«BALA QORGAU» САЙТЫНА ЖЫЛ БАСЫНАН 70-ТЕН АСА ӨТІНІШ ТҮСТІ
 

Түрлі жағдайларға тап болған оқушылар «Bala Qorgau» ақпарат тақтайшасындағы QR-кодты сканерлеп, консультациялық көмек сұрай алады. Тақтайша еліміздегі 7 мыңға жуық мектепке қойылған. Веб- сайтқа кірген оқушы мен ата-ана алдына ала жазылған кеңестерді оқып, сұрақ жолдауға болады. Олардың сауалына арнайы чатта мамандар жауап береді. Хабарлама арқылы сөйлесіп, көмек көрсетіледі. Өтініш берушінің аты-жөні құпия сақталады.

«Биыл жыл басынан бастап сайтқа 70-тен аса өтініш түсті, басым бөлігі балалардан келген. Олар ата-анасымен арадағы түсініспеушілік, бала махаббат, достарының арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы туралы мәселелермен хабарласқан. Біз әр сұраққа уақытылы жауап береміз, ал өңірлердегі мектеп оқушыларынан келген сұрақ болса облыстағы мамандар жауап беріп, байланыс жасайды»,- дейді Балалар құқықтарын қорғау комитетінің басқарма сарапшысы Эльмира Кадимова. Веб-сайтта оқушылар ғана емес ересектер де проблемалық жағдайларды шешу бойынша кеңестермен таныса алады.  «Bala Qorgau» оқушылардың, сондай-ақ олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Веб-сайтқа сілтеме арқылы кіруге болады: https://bala.gov.kz

 

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ