БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ ДА 30%-ҒА АРТТЫРЫЛАДЫ

БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ ДА 30%-ҒА АРТТЫРЫЛАДЫ

2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие және білім беру педагогтерінің жалақысы тағы да 30%-ға өседі. Бұл шара еліміздің 97 мың тәрбиешісін қамтитын болады. Жалақыны жыл сайын арттыру 2020 жылдың қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып келеді.Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында 20 390 педагог кәсіби біліктіліктерін арттырады. 79 мектепке дейінгі ұйымда “Құзырет орталықтары” жұмыс істейді.Мұнда тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасып, үздік жұмыстарымен бөліседі.

Сонымен қатар Үкімет балабақшаларда жаңа орындар ашу бойынша шаралар қабылдауда. Жыл басынан бері 29620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін балабақшаларда барлығы 81 мың, ал, 2025 жылға дейін 223 мың жаңа орын ашу жоспарлануда.

Бүгінде Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің бірыңғай базасын құруда. Бұл қызметтердің ашықтығын, деректердің бірыңғай тізілімін қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ