Балалар әл-ауқатының индексі әзірленіп, енгізілді

Балалар әл-ауқатының индексі әзірленіп, енгізілді

Қазақстанда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданып, іске асырылуда.

«Өңірлік психологиялық қолдау орталықтарын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл балалардың кәсіби психологиялық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Республикада осындай 14 орталық ашылды. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды анықтау және оларға көмек көрсету бойынша әдістеме қабылданды. Балалардың әл-ауқатын және әртүрлі салада балаларға жағдай жасауға бағытталған ұлттық саясаттың тиімділігінің дәрежесін бағалау үшін Балалардың әл-ауқатының индексі әзірленіп, енгізілді», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Бұдан бөлек, балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік заңнамалық деңгейде күшейтілгенін және Өңірлік балалар омбудсмендері құқық қорғау институтының мәртебесі бекітілгенін атап өтті. Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» мемлекеттік бірыңғай сенім телефоны құрылды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ