«Балалармен кітап көрмелері мен дүкендерге, әдеби кештерге барып тұру маңызды», - Асхат Аймағамбетов Халықаралық кітап және авторлық құқық күнімен құттықтады
450
0
0
23.04.2022
Бүгін Халықаралық кітап және авторлық құқық күні.
Балаларды кітап оқуға баулу үшін еліміздегі балабақшаларда, мектептерде, колледждер мен университеттерде барлық қажетті жағдайды жасау маңызды.
2020 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске қостық. Жоба аясында мектеп кітапханалары көркем әдебиетпен қамтамасыз етіледі, жөндеуден өтіп, қажетті материалдармен жабдықталады, сондай-ақ кітапханалардың жұмысы қайта форматталады.
Оқу жылы басталғалы мектеп кітапханалары 2 млн көркем әдебиетпен толықты. Одан бөлек, кітапханаларда коворкинг орталықтар құрылып жатыр. Бүгінгі таңда олардың саны 500-ге жуық.
Мектеп оқушыларының күнделікті 20 минуттық кітап оқу енгізіліп жатыр.
Қазақстандық университеттер мен колледждер де кітапханаларын автоматтандырып, қайта жабдықтау жұмыстарын жүргізіп келеді. Жаңа көркем әдебиеттер сатып алынып, студенттерге кітап іздеп, оқуға ыңғайлы жүйелер енгізіліп жатыр. Одан бөлек, электронды кітапханалар одан сайын қолжетімді болып, студенттерге арналған коворкинг орталықтар мен демалыс орындары ашылып жатыр.
Әрине, кітапты цифрландыруға және жайлы оқу залдарын ашуға қанша қаржы жұмсалса да, ең бастысы - балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту. Оны жеке тәжірибемнен де білемін. Балалармен кітап көрмелері мен дүкендерге, әдеби кештерге барып тұру маңызды.
Осыған дейін бала кезімнен ғылыми фантастиканы жақсы көретінімді айтқан едім. Айзек Азимов, Рэй Брэдбери, ағайынды Стругацкийлердің шығармаларына деген қызығушылығым кейін ғылыми әдебиетке деген үлкен қызығушылыққа айналды.
Шамамен бір айдан кейін оқушыларымыз каникулға шығады. Барлық ата-анадан балаларын кітап оқуға баулуды сұраймын. Ал балаларымыз кітап пен телефон арасындағы тепе-теңдікті ұмытпайды деп үміттенемін. Кітаптың электронды нұсқасын оқыған да жақсы.
Кітап қашанда балаларды тәрбиелеудің, эмоционалды ақыл-ойын, сыни ойлауын, қиялын дамыту, сонымен қатар оның сөздік қорын толықтыру, ақылды және сауатты болуының үздік әдіс болып қала береді.
https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219953487803807/?d=n
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ