Bilim Media Group шеберлік сағаты

Bilim Media Group шеберлік сағаты

Шеберлік сағатының мақсаты – жаңартылған мазмұн бағдарламасын жүзеге асыру және білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу. Республикалық деңгейде өткен шеберлік сағатына Қазақстанның әр түкпірінен келген әдіскерлер мен ақпараттық технологиялар орталықтарының мамандары қатысты. Шараға қатысушылар екі күн бойы bilimland.kz ресурстарын қолдану бойынша тәжірибе алмасып, контент жаңартуларымен, BMG-дің жаңа жобаларымен және өнімдерімен танысты. Шеберлік сағатының қонақтары интерактивті тапсырмаларды орындап, өздерінің тың ойларымен бөлісіп, өздерін Bilim Media Group компаниясының бір мүшесі ретінде сезіне алды. 

Қазақстанның әр түкпірінен келген қонақтар өткізілген шарадан жақсы әсер алды, ал ұйымдастырушылардың пікірінше кездесу нәтижелі өтті. Шеберлік сағатына қатысушыларға алғысымызды білдіріп, болашақта да бірлесіп жемісті еңбек етеміз деген сенімдеміз.